Жамбыл облысының аумағында «Браконьер» іс-шарасы өткізілуде
Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап облыс аумағында табиғатты қорғау заңнамаларын сақтау және браконьерлікпен күрес жүргізу мақсатында «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның бірінші аптасында полиция қызметкерлері 158 әкімшілік құқық бұзушылық пен 1 қылмыс дерегін анықтады.
Атап айтқанда, аң аулау қағидаларын бұзудың – 118, заңсыз балық аулаудың – 19, қаруды заңсыз иеленіп алу, өткізу, сақтау, алып жүру, тасымалдауының – 9, азаматтық және қызметтік қару айналымы қағидаларын бұзудың 12 дерегі анықталды. Сондай-ақ, заңсыз аңшылық дерегі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтарға қызық үшін жануарлар мен құстарды заңсыз атпауды, флора және фауна дүниесіндегі заңдарды қатаң сақтауды ескертеді.
[xfvalue_img]