Салықтық және кедендік қызмет түрлерін мобильді қосымшалар арқылы алуға болады

Салықтық және кедендік қызмет түрлерін мобильді қосымшалар арқылы алуға болады

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін бүгінгі таңда салық және кеден салаларындағы 15 мемлекеттік қызмет түрі "eGov mobile" және "eGov Business" мобильді қосымшаларында қолжетімді. Бұдан басқа, бірқатар мемлекеттік қызметтер мен электронды сервистер "e-Salyq Azamat" және "e-Salyq Business" мобильді қосымшаларында қолжетімді. Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мемлекеттік қызметтерді дамыту және сапасын бақылау бөлімінің басшысы Сэнжан Дүйсекенова мәлімдеді.

Бүгінде мемлекеттік қызметтерді онлайн форматта алу мүмкіндігі қоғамда оң пікір қалыптастырды.

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде өткен 2023 жылы барлығы 1078335 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде қағаз жеткізгіште 1286 немесе 0,1%; электрондық түрде 1077049 немесе 99,9%.

Электрондық форматқа көшкен 39 мемлекеттік қызметтің келесі 15-і "eGov mobile" және "eGov Business" мобильді қосымшаларында қолжетімді: дара кәсіпкердің мәртебесін тексеру, салық есептілігін қарау және салықтарды төлеу, дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны және тоқтатылғаны туралы хабарлама және басқалар.

Сонымен қатар, жалпыға бірдей декларациялаудың шеңберінде "eGov mobile" - да тиісті декларацияны ұсыну қызметі іске қосылды.

Сонымен қатар, салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауын жеңілдету үшін 11 сервис және 2 мемлекеттік қызмет жұмыс істейтін "e-Salyq Azamat" және "e-Salyq Business" арнайы мобильді қосымшалары жұмыс істейді.

Кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін "Homebank" және "Kaspi.kz" қосымшыларында 910.00 нысаны бойынша салық есептілігін ұсыну, сондай-ақ дара кәсіпкерді тіркеу, дара кәсіпкердің деректемелерін өзгерту, салықтар бойынша борыштар, көлік және мүлік салығы, дара кәсіпкер үшін төлемдер және т. б. сияқты сервистер қосылған.

Бұдан басқа, "бюджетпен, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша есеп айырысулардың жай-күйі туралы дербес шоттан үзінді көшірмелер беру" және "Мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді ұсыну" қызметтері, сондай-ақ кейбір сервистер Smart Bridge-ге және kgd.gov.kz Мемлекеттік кірістер комитетінің порталына шығарылды.

Мемлекеттік кірістер органдары жеке және заңды тұлғаларға 43 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді, оның 26-сы салықтық және 17-сі кедендік бағыттағы қызметтер. Бүгінгі таңда 43 мемлекеттік қызметтің 39-ы (немесе 91%) электрондық форматқа ауыстырылды.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.