Табыстар мен мүлік туралы декларацияны eGov.kz порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы ұсынуға болады

Табыстар мен мүлік туралы декларацияны eGov.kz порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы ұсынуға болады

Енді мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары декларацияны eGov.kz порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы ұсына алады.

         2021 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациядау кезең-кезеңімен өткізіледі. Осыған байланысты, бірінші болып мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары декларация тапсырды. 2021 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250 нысан) ұсынған жеке тұлғалардың деректерінде 2022 жылдан бастап жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270 нысан) табыс ету міндеттемелері туындайды.

         Декларацияда күнтізбелік жыл ішінде алынған кірістер, салық шегерімдері, мүлікті сатып алу немесе иеліктен шығару, Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банк шоттарындағы ақша, сондай-ақ ҚР-нан тыс жерлердегі мүлік туралы ақпарат көрсетілуі қажет.

         Екінші кезеңде активтер мен міндеттемелер туралы «кіріс» декларациясын (250 нысан) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және квазимемлекеттік сектор субъектілері мен олардың жұбайлары табыс етеді. 

«ҰАТ» АҚ командасы мен ҚР қаржы министрлігімен бірлесіп eGov.kz порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы электрондық өтініш беру үшін жаңа қызметті іске қостық. Бұл өте ыңғайлы және қызметкерлердің уақытын үнемдейді, сонымен қатар онлайн форматта тапсыру мерзімі қағаз түріне қарағанда кешірек, бұл қазақстандықтарға декларацияны уақытылы тапсыруға көмектеседі»,- деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.

Декларацияны тапсыру мерзімі:

1) қағаз жеткізгіште ұсынылған жағдайда – декларацияны ұсыну бойынша міндеттеме туындаған жағдайда 15 шілдесінен кешіктірмей, ал электрондық түрде - 15 қыркүйегінен кешіктірмей тапсыру қажет. 

         Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны қабылдау қызметі eGov.kz порталда «Азаматтарға» - «Кеден және салықтар» - «Салық салу» бөлімінде қолжетімді. Дәл осы қызметті eGov mobile мобильді қосымшасында «Қызметтер» - «Арнайы қызметтер» бөлімінде алуға болады. 

Декларацияны «Салық төлеушінің кабинеті» (kgd.gov.kz) арқылы да ұсынуға болады және eSalyq azamat мобильді қосымшасы. 

Қызмет ҚР Қаржы министрлігінің, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер Комитетінің және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмысының арқасында іске асырылды. 

«ҰАТ» АҚ

Қоғаммен байланыс басқармасы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.