Полицейлер интернет-алаяқтардың мереке және демалыс күндеріндегі белсенділігі туралы айтып берді
Өткен жаңа жылдық мерекелерде Солтүстік Қазақстан облысында интернет-алаяқтықтың бір фактісі тіркелді. Алдау схемасы әлеуметтік желіде тауар сату бойынша жалған хабарландыру орналастыруға негізделген. Нәтижесінде жәбірленуші 56 мың теңгеден айрылды. Қазір полицейлер қылмыскерді анықтау бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізуде. Демалыс және мереке күндері желілік алаяқтар, әдетте, жоғары белсенділік танытады. Алайда 2024 жылдың алғашқы күндерінде бұл әзірге байқалмады. Полицейлердің түсіндіру және алдын алу жұмыстары нәтижесін береді.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының мәліметінше, өткен жылы облыс аумағында интернет-алаяқтықтың 771 фактісі тіркелген. Аталған санаттағы 120-дан астам іс сотқа жіберілді. Солтүстікқазақстандық полицейлердің халықпен жүргізген профилактикалық жұмыстарының нәтижесінде 825 адам алаяқтардың талаптарын орындаудан бас тартып, сәтсіз алдау әрекеті туралы полицияға хабарлаған.
Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарына қатысты қолданылатын ең кең таралған интернет-алаяқтық схемаларының бірі - телефон қоңырауы; киберқылмыскерлер банк қызметкерлері болып көрініп, белгісіз адамдар несиені рәсімдеуге тырысуда деп хабарлайды. Қаскүнемдердің мақсаты - банк карточкасының нөмірін, CVV-кодын иелену, сондай-ақ адамдың смартфонына қашықтықтан қол жеткізу AnyDesk, RustDesk, HopToDesk қосымшаларын орнатуға мәжбүрлеу. Осыдан кейін санаулы секундтар ішінде адамдар мобильді банкинг шоттарындағы барлық ақшаларын жоғалтады. Өткен жылы облыс орталығының 327 тұрғыны желілік алаяқтардың құрбаны болды. Жалған хабарландыруларды пайдаланатын интернет-алаяқтардың амалына 123 қала тұрғыны тап болды.
"Әсіресе егде жастағы адамдар арасында ақпараттық қауіпсіздікті қатаң сақтау қажеттігін еске саламыз, тек ресми ақпарат көздеріне ғана сену керек, әлеуметтік желілер арқылы қоңырау шалу және хат алмасу арқылы қарым-қатынас жасау барысында - ешбір жағдайда өзінің жеке деректерінді ешкімге бермеу қажет. Қаржылық операцияларға қатысты шешім қабылдауға асығудың қажеті жоқ, диалогты аяқтап, бірден өз банкінің CALL-орталығына және "102" нөмірі арқылы полицияға қоңырау шалу қажет", - деп атап өтті Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Асқар Мұхаметқалиев.
Ерлан Махметов
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]