СҚО-да полицейлер интернет-алаяқтықпен байланысты 15 қылмысты ашты
Солтүстікқазақстандық полицейлер ел аумағында 16 тамызда басталған «Hi-tech» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жұмыс істеуде. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстарды анықтау, олардың жолын кесу және ашу, бұрын жасалған интернет-ұрлық пен интернет-алаяқтықтарды ашу іс-шараның мақсаттары мен міндеттері болып табылады.
Іс-шараның екі күнінде криминалдық полиция қызметкерлері ақпараттық технологиялар саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау үшін хабарландыру сайттары мен әлеуметтік желілерге мониторингті күшейтті.
«Hi-tech» операциясының басынан 15 қылмыс ашылды, - дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Марат Жұмалиев. – Сондай-ақ бұрын жасалған 10 интернет-алаяқтық фактісі ашылды. Құқыққа қайшы контенті бар интернет-сайттарға көшіретін 40 сілтеме анықталып бұғаттауға жіберілді».
Жыл басынан облыс аумағында 420 астам интернет-алаяқтық фактісі тіркелді.
Алаяқтардың әккі әрекетіне егде жастағы адамдар алданып қалуы мүмкін. Сондықтан полицейлер ақпараттық қауіпсіздік шараларын қатаң ұстануды сұрайды. Қоңырау шалу және хат алмасу арқылы қарым-қатынас жасау барысында жеке деректерді мүлдем беруге болмайды. Қаржылық операцияларға қатысты асығыс шешім қабылдамаған жөн. Әңгімені аяқтап, бірден банктің Call-орталығына және полицияға «102» нөміріне қоңырау шалу керек.
Нұрбек Баекин
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
21 пікір