Жасөспірімдер және есірткі
Ата-аналарының «Сен қайда барасың?»- деген сұрағына жасөспірімдер көбіне «Мен жай ғана қыдырып қайтамын» деп жауап береді. Міне осындай қарапайым диалогтан есірткіге тәуелділікке байланысты мәселелер басталады. Өздерінің бос уақытын мақсатсыз, бос өткізу салдарынан айтарлықтай қауіпке тап болуы мүмкін.
Ата-аналары әдетте балаларына ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін түсіндіріп тәрбиелейді. Алайда бұл ақпарат көп жағдайларда сыртқы факторлардың негативті әсерінен қорғауға жеткіліксіз. Бос уақыттарында жай ғана қыдырып қайтуға шығатын жасөспірім өзі таңдау жасауға тиіс ортаға келіп түседі. Балалар психологиясының айтуы бойынша ата-аналарының кеңесі есірткі қолдануға әкелетін қателіктерді жасамаудан қорғауы өте сирек. Жасөспірім ата-анасының қоластынан шыққан бойда оларды «көше» тәрбиелейді.
Көшеде өз бетімен жүрген балалар қаланың жасырын, қараңғы жақтарын өз өмірлеріне сіңіріп, өздерінің дұрыс жолда жүргендерін дәлелдей бастайды. Адам барлық құпия және тиым салынғандарға ынтық келеді. Әуесқойлық сезімнің соңы қайғылы жағдайға апарып соғуы мүмкін. Көше жаңа сезімдерді, рахатқа бөленуді, есеюге деген жолды жеке тұлға ретінде тануға жол береді. Баланың өмірінің екі жағы бар, бірі – оның білімі, спорттық немесе творчестволық жетістіктері, ал екіншісі – оның қызығушылықтары, қатарларымен араласу және қыз-жігіт арасындағы қарым қатынас. Әдетте ата-аналарының көңілі бір жақты, осыдан барып тәрбиелеуде жетіспейтін кемшіліктер туындайды. Ата-аналар «ресми» өмірлеріне терең үңіле отырып, көбіне жақын адамынан көрі басшылық көрсету салдарынан баламен арасындағы ашық сөйлесу, тазалық жоғалады.
Есірткінің салдары ең қауіпті ауру – АИТВ жұқпасына әкеліп соқтыруы мүмкін. Баламен қауіпсіз мінез-құлық мәселелері жөнінде сөйлесу – ата-ана тәрбиесінің ең басты құзіреті. Есірткі мен АИТВ өзара тығыз байланысты екенін, бұл ауруларға ешкім де көмектесе алмайтынын, ешкім жеңе алмайтынын түсіндіре білуі қажет.
АИТВ жұқпасының таралуының үш негізгі жолы бар: біріншісі - жыныстық қарым қатынас жолы, екіншісі – қан арқылы, бұған есірткі құралдарын қолдану жатады, татуировка және пирсинг, үшінші жолы - жұқпаланған анадан балаға. Сыртқы келбетінен адамның жұқтырғанын анықтау мүмкін емес. Оның үстіне жұқтырған адам ұзақ жылдар бойынша өзінің ауруы жайында біле алмайды. Вирустың ағзада бар-жоғын АИТВ-ға қан тапсыру арқылы білуге болады.
Ата-анаға баланы қорғау үшін, оны түсіну және онымен достық қарым қатынаста болуы қажет.
Егер алдын алу жұмыстарын дұрыс жүргізсе, есірткіден және АИТВ жұқпасынан сақтануға болады.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Есірткіге қарсы күрес бойынша алдын алу шараларын түсіндіру бойынша іс-шаралар кешенін жүргізу».
«Шаг в будущее» Қоғамдық қордың маманы
Жиенбаева Алтын Камзийқызы
[xfvalue_img]