Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған  балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау

Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау

Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған  балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау  Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексінің 110-бабын басшылыққа алып жүргізіледі. Жалпы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала деген кім? Ата-анасының қайтыс болуы, олардың ата-ана құқықтарынан айырылуы, олардың ата-ана құқықтарының шектелуі, ата-анасының әрекетке қабілетсіз деп танылуы, ата-анасының сырқаттылығы, ата- аналарының ұзақ уақыт болмауы, ата-аналардың балаларын тәрбиелеуден немесе олардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруы, соның ішінде ата-аналардың тәрбиелеу, медициналық және басқа да осыған, ұқсас мекемелерден өз балаларын алудан бас тартуы, сондай-ак ата-аналардың қамқорлығы болмаған өзге де жағдайларда, бала ата-анасының қамқорлығынсыз қалған болады. Мұндай баланың әлеуметтік мәртебесі жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған. Бұл балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау қорғаншы және қамқоршы органдарға жүктеледі. Әдетте қорғаншы және қамқоршы органы өңіріңіздегі білім бөлімінде орналасады.  

        Қорғаншы және қамқоршы органдар ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтайды, осындай балалардың есебін алуды жүргізеді және ата-анасының қамқорлығынсыз қалудың нақты мән-жайларын негізге ала отырып, балаларды орналастырудың нысандарын таңдайды, орналастыру нысанының қазіргі таңдағы түрлері: қорғаншылық тағайындау, патронаттық тәрбиеге беру, асырап алу. Сондай-ақ оларды асырау тәрбиелеу және білім беру жағдайларына одан әрі бақылау жасауды жүзеге асырады. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар отбасыға орналастырылғаннан кейін де кәмелеттік жасқа толанға дейін қорғаншылық және қамқоршылық органының бақылауында болады. Баланы қамқорлығына алған отбасы орналастыру формасына қарай қорғаншылық және қамқоршылық органына есеп беріп тұрады. Тіпті баланы асырап алса да жылына бір рет қорғаншылық және қамқоршылық органына есеп береді.

       Қорғаншы және қамқоршы органдардан басқа, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру жөніндегі заңды және жеке тұлғалардың қызметіне жол берілмейді. 

Қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

әскери сотының бас маманы М.Аккузова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.