Мұнайлы ауданы әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңесші органның 2023 жылы атқарылған жұмыстары туралы
Мұнайлы ауданы әкімдігінің жанынан құрылған Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік – кеңесші органы отырысы жоспарға сәйкес 4 рет өткізілді.
Жоспарға сәйкес кеңесші органның отырысында сотталғандарды әлеуметке бейімдеу, мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектер мен жеңілдіктермен қамту үшін қажетті шаралар алу үшін тапсырмалар беріледі.
Қазіргі таңда Мұнайлы аудандық Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың саны - 242
Бас бостандығынан шектеу жазасына сотталғандар- 164;
Шартты түрде сынақ мерзіміне сотталғандар- 17;
Жаза өтеуі кейінге қалдырылған сотталғандар- 11;
Қоғамдық жұмысқа тарту жазасына сотталғандар- 14;
Белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылғандар- 36;
Мұнайлы аудандық сотына пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталғандарға қатысты 29 құжат жолданған.
Сот қарауында-1, қанағаттандырусыз қалдырылған-2, қанағаттандырылғаны- 18. Оның ішінде:
Бас бостандығынан шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылғандар18 адам.
(Ревшенов Ә, Амиров М, Кайров С, Маринко А, Атшыбаева Д, Аккулов Ж, Косаев Б, Ержанов Б, Кабажанова Б, Сатиев Б, Шерниязов Т, Нуржауов Б, Едигеев Ж, Таңатаров А, Турегалыев К, Ибайдуллаев О, Даулет Ж, Мынбаев Е)
Шартты түрде сынақ мерзімі 3 айға ұзартылған 3 адам (Довлетбаев М, Имамбаев Б,Бектилеу А)
Шартты түрде сынақ мерзімі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылған 1 адам ( Балаханов А.)
Пробациялық бақылау орнатылған барлық сотталғандарға «Пробация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Әлеуметтік көмек көрсетілуге жататын сотталғандар саны – 184, Оның ішінде: тұрақты жұмысы бар- 109, зейнеткер- 1, мүгедек – 1, жалдамалы жұмысы бар- 55, жұмыссыз- 17.
«Кедейшілік шегінен төмен тұратын отбасыларды /азаматтарды/ анықтап, үкімет тарапынан берілетін әлеуметтік көмектер алуға жәрдемдесу туралы хаты жолданып, әлеуметтік көмектер алуда». Яғни «біз адамбыз - біз біргеміз» қорымен жағдайы төмен отбасыларға азық-түлікпен және басқада материалдық көмек көрсетілуде.
Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан жыл басынан аудандық пробация қызметі бөлімінен сотталған азаматтар туралы 25 хабарлама ұсынылды. 1 адам қоғамдық жұмысқа жолданды. 44 адам 56 рет ұсынылған жұмыстардан бас тартты. 25 адамға 1 330 000 мың теңге көлемінде қайтарымсыз біржолғы материалдық көмек төленді.
(Ақмоллаев Жеңіс Ягшибаевич, Аханов Парахат, Бахтияр Саламат Үсенұлы, Иламанов Джамбул Базарович, Юлдашбаев Ильдор Маратович, Жексенбаев Элбек Кенжебаевич, Бекбосынов Ертай Абилкаирович, Наурызбеков Куваншбай Тлепбоевич, Абдуллаев Газиз Алисламович, Әбсаматов Қалдыбек Қойшыбайұлы, Ізімқұлов Жанболат Аманкелдіұлы, Сманов Ержан Талғатұлы, Жариев Куралбек Ердаулетович, Кошкинбаев Бердибай Турсынбаевич, Утарбаев Куаныш Дусенобаевич, Ажумуханов Ербол Аманжолович, Айтбаев Дархан Ерболдыевич, Джайладов Рахымжан Есенбекович, Тлеулиева Назираш Бердибаевна, Сагиев Ержан Маратович, Абдулла Айтқали Мұғалімұлы, Куламанов Абдужамил Садуакасович, Реев Амангелди Смайлович, Менлибаев Ерғазы, Сатыбалдин Темур).
Сонымен қатар, 18.05.2023 жылы 1 адам (Ә.Рахман) мамандығы (фельдшер) бойынша Мұнайлы аудандық ауруханасына қоғамдық жұмыс арқылы жолданды.
Қазіргі статистикалық жағдай бойынша, есепте тұрған азаматтардың басым бөлігі өз-өздерін жұмыспен қамтып отырған азаматтар болып табылады.
Бұдан өзге жұмыссыз сотталғандарды жұмысқа орналастыру мақсатында «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» 5 рет өткізілді. Алайда, жәрмеңкеге келген сотталғандардың барлығы жазбаша түрде жұмыстардан бас тартты.
Мұнайлы ауданы әкімдігінің «2023 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» №304-қ қаулысымен «Маңғыстауэнерго, ШЖҚ МКК және «Маңғыстау Жылу» МКК» бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін бір пайыз, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін бір пайыз көлемінде квота белгіленген.
Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі тарапынан ағымдағы жылдың сәуір айының 5 күні Мұнайлы ауданы бойынша қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзгеде көмекті ұйымдастыру жөнінде консультативтік кеңес берді.
Консультативтік кеңесте 2023 жылы өткізілетін мәдени және спорттық шаралардың жоспарымен таныстырылып, аталған шараларға қатысуға шақырылды.
Сонымен қатар, балаларын тегін спорттық және мәдени үйірмелерге қатысуға мүмкіндік бар екендігі таныстырылды.
15 қыркүйек күні Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Мұнайлы аудандық Пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты жазаға сотталған тұлғаларға аудандық орталық кітапханада Оралхан Бөкейханның өмір баянымен және еңбектерімен таныстырылып, бос уақыттарында кітапхана қызметін пайдаланып тегін кітап оқуға мүмкіндігі бар екендігі туралы түсінік жұмыстары жүргізілді.
25 қазан күні Республика күніне арналған Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Мұнайлы аудандық Пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған тұлғаларға "Вторая республика" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен семинар-тренинг өткізіліп үстел теннисі, 23 қараша күні тоғызқұмалақ, шахмат және дойбыдан жарыс өткізіліп жеңімпаздар марапатталды.
Семинар-тренингте қатысушыларға қоғамға бейімделу, жұмысқа орналасу, өмірді жаңадан бастау маңыздылығы, жеке кәсіппен айналысу, отбасылық өмір сонымен қатар, балаларын тегін мәдени және спорттық үйірмелерге тарту секілді тақырыптарда түрлі сұхбаттар жүргізілді.
Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі тарапынан ағымдағы жылдың 27 шілде күні, орталық мәдениет үйінде аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандарының қатысуымен пробация қызметінің есебінде тұрған кәсіппен айналысуға ниетті азаматтарға мемлекет тарапынан берілетін қолдаулар мен жеңілдіктер жөнінде хабардар ету мақсатында жиналыс ұйымдастырылып сотталған азаматтар сұрақтарына жауаптарын алды.
Сонымен қатар, аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен 3 тамыз күні өткен жиналыста пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматтарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар туралы бөлім басшысы түсінік жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ 1 қыркүйек күні Аудандық пробация қызметінің қызметкерлерімен бірлесе, санатының жариялануын қаламайтын 3 азаматқа атаулы түрде мемлекеттік жеңілдіктер туралы түсінік жұмыстары жүргізілді.
Мұнайлы аудандық білім бөлімі тарапынан Мұнайлы аудандық пробация бөлімінде есепте тұратын Уразова Жанар Есенгельдикызы Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 13.05.2022 жылғы №4797-22-00-2/76 шешімімен ата-аналық құқығынан шектелді. Кәмелетке толмаған балалары 11.09.2014 ж.т. Халихан Арсений Нұрланұлы, 20.03.2012 ж.т. Халихан Айқын Нұрланұлы, 23.11.2019 ж.т. Есенгельди Айлин нағашы әжесі Дарибаева Тамара Султамуратовнаға қорғаншылыққа беру мәселесі 11.08.2022 жылы Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімі жанындағы Қорғаншылық немесе қамқоршылық комиссия отырысында мәселесі қаралып, Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің 11.08.2022 жылғы №201-нқ бұйрығымен қорғаншылыққа берілді. Азаматша Уразова Жанар Есенгелдиқызы ата-аналық құқығын қалпына келтіруге әрекет жасамағандықтан ағымдағы жылдың 09 қазанында ата-аналық құқығынан айыру жөнінде жоғарыда аталған сотқа шағым берілді. Алайда, сот арызды қанағаттандырдан бас тартты.
Сондай-ақ сотталушы Маханбетова Молдир Оракбаевна Маңғыстау облысының сотының қылмыстық істері жөніндегі сотының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі №4799-23-00-1а/204 шешіміен бас бостандығынан айырылған.
Кәмелетке толмаған балалары 06.04.2019 ж.т. Махангбетова Нурай мен 19.08.2020 ж.т. Маханбетова Көркемайдың аудандық АХАТ бөліміне хат жазу арқылы туу туралы куәліктері шығарылып, нағашы ағасы Батыр ауылы, Тамшалы шағын ауданы, 2 көше, 31 үй тұрғыны Махамбетов Медет Оракбаевичке ағымдағы жылдың 01 қарашасында Мұнайлы ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясында қаралып, Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің 02.11.2023 жылғы №313-нқ бұйрығымен қорғаншылық тағайындалды.
ҚҚ Екінші республика
[xfvalue_img]