Қызылорда қалалық пробация есебіндегі 3 сотталған жұмысқа тұрғызылды
Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодесінің 18-бабының 3-бөлігіне сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетуді үйлестіреді деп көрсетілген.
Пробация қызметінің есебінде тұрғандарды жұмыспен қамту мақсатында Қызылорда қаласы әкімдігінің қаулысымен жұмыс орындарының квотасы бекітілген. Квотаға сәйкес Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығы арқылы Қызылорда қалалық пробация есебіндегі 3 сотталған «Еңбек-Қызылорда» филиалына 1-дәрежелі жұмысшы лауазымына жұмысқа тұрғызылды.
Аймақтық пробация инспекторы әділет майоры Нұрбол Баймурзаевтың айтуынша пробация есебіне алынған әрбір сотталғанның тұрмыстық жағдайы зерделенеді. Олармен күнделікті мекенжайынан, жұмыс орнынан тексеру жұмыстары жүргізіліп, қайта қылмыстың алдын алу мақсатында профилактикалық сұхбаттар жүргізіледі. Сонымен қоса жергілікті атқарушы органдармен, қоғамдық бірлестіктермен және өзге де ұйымдармен бірлескен көмектер беріледі.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]
29 пікір