Петропавлда жемқорлыққа қарсы форум өтті
Петропавлда 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне арналған салтанатты жиын өтті, оның барысында жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өз үлестерін қосқан белсенді қолдаушылар құрметке ие болды.
Мемлекеттік органдардың, жұртшылықтың, бұқаралық ақпарат құралдарының отыздан астам белсенді өкілдері жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қосқан үлесі үшін оның алтауы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хатымен атап өтілді.
Әлеуметтік зерттеулер нәтижелері бойынша Солтүстік Қазақстан облысы соңғы жылдары жемқорлық деңгейі төмен өңірлер қатарында.
СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Асхат Джакипбековтың айтуынша, бұл мемлекеттік аппарат пен жұртшылықтың үйлесімді жұмысының арқасында мүмкін болды.
Ол барлық белсенді азаматтарды одан әрі парасаттылық идеологиясын бірге ауқымды түрде ілгерілетуге және жемқорлық көріністеріне жол бермеуге шақырды.
Іс-шара барысында халықтың әлеуметтік мәселелерін, оның ішінде қоғамдық бақылаулар, мониторингтер, құқықтық консультациялар, оқыту және т.б. жолдармен шешетін жемқорлыққа қарсы волонтерлердің жұмысы ерекше атап өтілді.
[xfvalue_img]