Петропавлда Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған форум өтті
Петропавлда жыл сайын 9 желтоқсанда атап өтілетін Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған іс-шара өтті. Мемлекеттік органдардың, жұртшылықтың, бұқаралық ақпарат құралдарының жиырмадан астам белсенді өкілдері өңірдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға қосқан үлесі үшін атап өтілді.
«Мұның бәрі адамдардың санасынан басталады. Менің ойымша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу жағына дұрыс бағыт алды – бұл ескерту жұмысы, отбасы мен қоғамдағы тиісті идеялық және тәрбие жұмысы. Сондықтан біздің бірлескен қызметіміз облыс әкімдігі тарапынан да, барлық қоғамдық институттар тарапынан да жалғасын табады деп сенемін. Әлеуметтік зұлымдықты жою үшін бәріміз бір жұмыс жасаймыз», - деді облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов, кездесуге қатысушыларға.
Бұл күні қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қосқан үлесі үшін СҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің дипломдары мен мүсіншелері жиырмадан астам солтүстікқазақстандықтарға табысталды. Олардың арасында – облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов, Ғ.Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің, мемлекеттік-құқықтық мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы Светлана Алдошина, СҚО Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Лазьм Мияшева, СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Иманғали Татваев, «Қызылжар Су» ЖШС комплаенс-қызметінің басшысы Мария Дзятко және басқа да мемлекеттік аппараттың, квазимемлекеттік сектор мен жұртшылықтың өкілдері болды.
Сондай-ақ бірқатар белсенді журналистер атап өтілді: Бердімұрат Баймұқанұлы – МТРК телеарнасының тілшісі, «1 Северный» телеарнасының тілшісі Анастасия Харламова, Аяулым Жолмұқанова – «Қызылжар» телеарнасының тілшісі, «Северный Казахстан» газетінің журналисі Татьяна Шейкина, «Солтүстік Қазақстан» газетінің журналисі Аманжол Нұртазин. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған үздік журналистік жұмыстарға арналған өңірлік БАҚ арасындағы конкурстың қорытындысы шығарылды. «Үздік интернет жарияланым» номинациясында 7152.kz ақпараттық-жаңалықтар сайтының бас редакторы Алена Хан атап өтілді. «Үздік телевизиялық жұмыс» номинациясында «Қызылжар» телеарнасының тілшісі Наталья Аитованың жұмысы үздік танылды. «Үздік баспа басылымы» номинациясы бойынша облыстық «Солтүстік Қазақстан» газетінің журналисі Өмір Есқали марапатталды.
Өз сөзінде облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Жарқын Ғалымов Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттар негізінде жетілдіріліп жалғасып келе жатқанын және дәл осы әлеуметтік кеселге қарсы тиімді іс-қимыл жасауға және азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға қоғамның серіктестері арқылы қол жеткізуге болатынын атап өтті.
Іс-шараға қатысушылар үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
[xfvalue_img]
40 пікір