Елордада «Автокөлік» Жедел профилактикалық іс-шарасы өтті
Елордада көліктерді ұрлау фактілерінің алдын алу мақсатында «Автокөлік» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Операция барысында астаналық полицейлер түскі уақытта Петров көшесіндегі үйдің ауласынан «Тойота Эстима» көлігінен Samsung А-51 ұялы телефонын жымқырған 29 жастағы қала тұрғынын анықтады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ер адам Астана полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.
Осыған ұқсас елорда тұрғыны көліктен ұрлық болған фактісі бойынша полицияға арызданған. Оның тұрақта тұрған «ВАЗ-2115» автокөлігінен құрал-саймандар жинағы ұрланып, 100 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Полиция күдіктіні анықтап, ол кінәсін мойындады. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Жедел іс-шара барысында тәуліктік кезекшілікте 5 қылмыс тіркеліп, ашылды. Сонымен қатар бұрын жасалған 9 қылмыс ашылды. Қылмыстық жауапкершілікке 14 адам тартылып, 5 күдікті ұсталып, ұрланған 3 көлік табылды.
Операция барысында гараж кооперативтері, жеке автожөндеу шеберханалары, техникалық қызмет көрсету станциялары, автотұрақтар, автокөліктерді бөлшектеу пункттері мен автокөлік бөлшектерін сату орындары тексерілді. ҚР ҚК 204-1 бабы бойынша 21 әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Ішкі істер органдарына 403 адам жеткізіліп, тексерілді, криминалдық тіркеу бойынша 302 автокөлік тексерілді. 14 иесіз көлік коммуналдық тұраққа қойылды.
Астана қаласы Полиция департаменті азаматтарды көліктен шығарда қырағы болуды, барлық есіктер мен терезелердің сенімді жабылғанын тексеруді ескертеді. Ұрлықтың алдын алу және көлігіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көлік иелеріне дабыл жүйесін орнатуды және көліктерін күзетілетін тұрақтарға қоюды ұсынады.
Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
63 пікір