«Касперский зертханасы»: қазақстандық компаниялардың басым бөлігі кибершабуылдар нәтижесінде деректердің жоғалу қаупіне жол береді
«Касперский зертханасы» сауалнамасы* қазақстандық компаниялардың АТ-мамандарының көпшілігі (73%) деректерді жоғалту немесе ұрлау мүмкіндігіне жол беретінін көрсетті. Бұл ретте сұралғандардың төрттен бір бөлігі кибершабуылдан зардап шегу ықтималдығын 50% деп бағалайды.
Сауалнамаға қатысқандардың айтуынша, орта және ірі бизнестің әрбір үшінші кәсіпорны АТ-қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тараптағы АТ- компанияларының қызметтерін пайдаланады (31%). Оның үштен бірі осы қызметтерге 800 000 теңгеден және одан да көп жұмсайды. Компаниялардың 3% -да шығыстар 8 млн теңгеден астамды құрайды.
«Кез-келген компания, оның көлеміне немесе қызмет саласына қарамастан, деректердің жоғалуына немесе бұзылуына тап болуы мүмкін. Бұл қалай сырттан бағытталған мақсатты шабуыл болса, солай мысалы адам факторы сияқты кездейсоқтықтан да болуы мүмкін. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін қызметкерлерге киберқауіпсіздік пен цифрлық сауаттылық негіздерін үйрету, сондай-ақ сенімді қорғаныс шешімдерін қолдану маңызды. Мысалы, «Касперский зертханасында» орта және ірі бизнес үшін қолайлы өнімді таңдауға болады", - деп атап өтті Валерий Зубанов, Қазақстан, Орталық Азия және Моңғолиядағы «Касперский Зертханасының» басқарушы директоры.
Деректердің жоғалуын болдырмау үшін сарапшылар мыналарды ұсынады:
- жаңа қабылданған және тұрақты қызметкерлер үшін киберқауіпсіздік бойынша тренингтерді жүйелі түрде ұйымдастырыңыз. Осы мақсаттар үшін Kaspersky Automated Security Awareness Platform онлайн құралын пайдалануға болады;
- қызметкерлерге оқу шабуылдарын жасаңыз-мысалы, фишингтік сілтемелерді имитациялайтын email-таратылымдар, оларға алаяқтықтың өзекті түрлері туралы айтыңыз;
- құпия сөзге қатысты қатаң саясат жүргізіңіз. Құрылғылардағы құпия сөзде 12 таңбадан кем емес болуы керек-кіші және үлкен әріптер, сандар, арнайы таңбалар, сонымен бірге қызметкерлер оларды үнемі өзгертіп отыруы керек. Мүмкіндігінше екі факторлы сәйкестендіруді қосыңыз;
- бизнесті, соның ішінде деректерді ұрлаудан қорғау үшін сенімді шешімдерді пайдаланыңыз. Мақсатты шабуылдардан қорғауды қамтамасыз етуге Kaspersky Anti Targeted Attack шешімі көмектеседі
* Сауалнаманы OnIn агенттігі «Касперский Зертханасының» тапсырысы бойынша 2022 жылғы желтоқсан — 2023 жылғы қаңтарда жүргізді. Оған Қазақстанда жұмыс істейтін 100-ден астам АТ-мамандар қатысты.
[xfvalue_img]
36 пікір