Елордалық полицейлер жалған пәтерді жалға берумен айналысқан алаяқты әшкереледі
«Алматы» аудандық ПБ-ның тәртіп сақшылары «HiTech» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында астаналықтарды интернет-ресурстары арқылы алдап кеткен 26 жастағы Шымкент қаласының тұрғынын анықтады.
Сотқа дейінгі тергеу барысында бойжеткен «Крыша кз.» сайтына нарық құнынан төмен бағада елордада жоқ пәтерлерді жалға беру туралы хабарландырулар жариялағаны анықталды. Ол шұғыл және пәтер жалдауға ниет білдіргендердің көптігін сылтауратып, жәбірленушілерден мобильді банкинг арқылы 10 мың теңгеден 50 мың теңгеге дейінгі алдын ала төлемді аударуды сұрағаны белгілі болды.
Бүгінге дейін алданған 7 астаналық полицияға жүгінген.
Мәселен, ағымдағы жылдың маусым айында сайтта жалған хабарландырулар орналастырып, жалға пәтер берем деген желеумен алаяқ 40 жастағы елорда тұрғынын алдап, 50 мың теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын иемденген.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі кезде басқа да зардап шеккендер анықталуда.
Астана қаласы Полиция департаменті азаматтарға аталған қылмыс үшін Қылмыстық кодекс бабының санкциясында мүлкі тәркіленіп, 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.
Астана қаласы ДП баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
11 пікір