Полицейлер СҚО тұрғындарына адам саудасынан қалай қорғану керек екенін айтты
Адам саудасы бүгінде жаһандық проблемалардың біріне айналды. Қылмыскерлердің негізгі мақсаттары – сексуалдық және еңбекпен қанау, заңсыз жолмен асырап алу, трансплантация жасау үшін адам мүшелерін алу.
30 маусым – Бүкіләлемдік адам саудасына қарсы күрес күні солтүстікқазақстандық полицейлер үш күндік акция өткізді. СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қоғамдық және үкіметтік ұйымдармен бірлесіп, 29-30 шілде күндері «Адам саудасын бірге тоқтатайық!» республикалық ақпараттық науқанын өткізді. Адам аяғы көп жүретін орындарда жадынамалар таратып, қаскөйлерден қорғану бойынша кеңестерін айтты.
«Өз құжаттарыңызды ешкімге бермеген жөн; жұмыс, оқу немесе шетелдегі неке туралы күмәнді ұсыныстардан аулақ болу қажет. Мұны әр адам, әсіресе, жастар естерінен шығармауы тиіс, — дейді СҚО ПД ҰҚҚКБ бастығы полиция полковнигі Жандос Басыбаев. – Қабылдаушы тарапқа қатысты барлық ақпаратты, шекарадан шығу үшін қол қойғалы жатқан құжаттарды тексеріп алу керек. Сондай-ақ барғалы отырған мемлекеттегі Қазақстан елшілігінің дипломатиялық өкілдігінің байланыс мәліметтерін нақтылап алған жөн. Адам саудасына қатысты барлық фактілер туралы «102» нөміріне немесе «116-16» республикалық сенім телефонына хабарлаңыздар».
Игорь Мерцалов
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
7 пікір