Петропавлда жезөкшелікпен айналысуға үй-жай бергені үшін массаж салонының иесіне айыппұл салынуы мүмкін
Үш күн бойы СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері адам саудасымен байланысты қылмыстар проблемасы туралы халықты хабардар ету жұмыстарын күшейтті. Петропавлдағы Қазақстан Конституциясы көшесінде тәртіп сақшылары еріктілермен бірлесіп ақпараттық парақшалар таратты, Қазақстан халқы Ассамблеясы филиалында колледж оқушыларына және жастармен жұмыс істейтін адамдарға дәрістер өткізді. «Адам саудасы» көптеген қылмыстардың жасалуымен байланысты. Адамдардың өздерін және жақындарын қорғаудың қарапайым тәсілдері туралы айтты. Біріншіден – бұл үлкен табыспен байланысты ұсыныстарға сенбеу, әсіресе шетелде, егер жұмысқа қабылдау ресми жағдайда жүргізілмесе және сізден құжаттарды беруді талап етсе, үзілді-кесілді бас тартқан дұрыс.
«Тұрғындарды ақпараттандыру жұмыстарын «Стоп трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жүргіздік», - дейді СҚО ПД ҰҚҚКБ бастығы полиция полковнигі Жандос Басыбаев. – Сондай-ақ іс-шара кезінде жедел жұмыстар да жүргізілді. Оның нәтижесінде жеңгетайлықтың екі дерегі бойынша және бір жыныстық қанау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұдан бөлек, массаж салондарының бірінің иесіне қатысты жезөкшелікпен айналысуға бөлме бергені үшін әкімшілік материал жиналды. Оған 150 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін».
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]