Алаяқтар 21 жастағы Петропавл тұрғынынан 1 миллион теңгеге жуық ақшаны иемденген
Жыл басынан бері 10 астам солтүстікқазақстандық интернетте "жылдам табыс табуды" уәде еткен алаяқтардың құрбаны болды. Олардың бірі, 21 жастағы Петропавл тұрғыны жерлестерін ескерту мақсатында өз оқиғасымен бөлісті.
Жас жігіттің айтуынша, ол әлемге әйгілі YouTube бейнехостингінде жалған жарнамаларды кездестіретінін күтпеген. Сондықтан ол ірі мұнай компанияларының бірі биржада ақша табуға уәде береміз деген бейнероликке сеніп қалған. WhatsApp мессенджерінде алаяқтар оған "биржалық қосымшаны" жүктеу үшін сілтеме жіберген. "Трейдерлермен" байланыс Skype арқылы жүзеге асырылған, қоңыраулар бірде қазақстандық, бірде британдық нөмірлерден келіп түскен. Ірі олжаға кенелетініне сенген жас қалалық ұзақ уақыт бойы өзінің 700 мың теңгесін және несиеге алынған 250 мың теңгені "инвестицияға салған". Бірде алаяқтар петропавлдықтан тағы бір несие алып, "биржалық ойынға миллион теңге салуды" талап ете бастаған. Содан кейін жас жігіт интернеттен осы биржа туралы пайдаланушылардың пікірлерін іздестіріп, желілегі алаяқтардың құрығына түскенін түсінеді. "Сақ болыңыздар! — осылайша ол азаматтарды қырағылыққа шақырады. Менің басымнан өткен жағдайға тап болмау үшін, интернеттегі кез-келген ақпаратты тексеріңіздер".
СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Марат Жұмалиевтің айтуынша, алаяқтардың айла-әрекеттері әр түрлі болуы мүмкін, бірақ егер сізге "жеңіл ақша" уәде етілсе, қандай да бір өте тиімді "акцияларға", "жүлделер ұтыс ойындарына" қатысу және т.б., тіпті бұндай жарнамалар танымал брендтердің белгісімен бірге жүрсе де, әрқашан сақ болу керек. Ресми ресурстардағы акциялар туралы ақпаратты міндетті түрде тексергендеріңіз жөн.
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
22 пікір