Интернетте «ақшасын еселегісі» келген петропавлдық 3 миллионға жуық ақшасынан қағылды
СҚО полицейлері адамдарды дүниежүзілік ғаламторда «тез табыс табумен» байланысты интернет-алаяқтықтың қаупі туралы ескертеді.
Петропавл тұрғындарының бірі Instagram әлеуметтік желісінде инвестиция арқылы оңай табыс табудың парақшасына кез болады. Ол ұсынылған сілтеме бойынша сайтта тіркелген. Көп кешікпей брокерлік сайттың өкілдеріміз деген тұлғалар WhatsApp мессенджері арқылы байланысқа шыққан. Алаяқтардың нұсқаулары бойынша ер адам 65 мың теңгесін аударады. Біраздан соң сайтқа табысының еселенгені жөнінде ақпарат келеді. Қалалық табысын тексеріп, екі банктен миллион теңгеден несие, танысынан 850 мың теңге қарыз алып, барлық қаржысын «инвестицияға салады». Кейін «менеджерлер» байланысқа шықпай қояды. Ер адам сайттағы шоттан қаражатын қайтара алмаған. 3 миллионға жуық ақшасын алаяқтарға бергенін түсінген ол, полицияға жүгінеді.
«Облыста жыл басынан «ақша еселеумен» байланысты интернет-алаяқтықтың 17 фактісі тіркелді, - деп хабарлайды СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Марат Жұмалиев. – Кейде күмәнді инвестициялардан мол табыс табуға жәбірленушілердің таныстары тартады, кей жағдайларда алаяқтар қашықтықтан торуылдайды: брокерлік сайттардың көшірмелерін құрып, мекенжайларын ұқсас етіп, адамдарды әлеуметтік желі арқылы тартады. Қулықтың мұндай түрі барлық елдерде кездеседі. Аңғал клиенттердің аударған ақшалары киберқылмыскерлердің қалталарына түседі. Интернетте сақ болуға, оңай олжаға сенбеуге, күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге кеңес береміз».
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]