Жамбыл облысында 700 мың теңгеге мұғалім болып жұмысқа орналастыруға уәде еткен
Тараз қаласы Полиция басқармасының 1-ші полиция бөліміне жергілікті тұрғын әйел орын алған алаяқтық дерегі туралы арызбен жүгінген. Оның айтуынша, биылғы жылдың қаңтар айында бір таныс әйел оны мектепке мұғалім болып жұмысқа орналастыруға уәде беріп, өзінің "қызметі" үшін 700 мың теңге алған.
Жәбірленуші оған сұраған ақшасын берген, алайда уәде еткен жұмыс орнына тұра алмағандықтан, полицияға шағымданған.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыс орталығының 48 жастағы әйел тұрғынын анықтады. Әйел адам өз кінәсін мойындады. Ол келу туралы міндеттемемен босатылды.
Қазіргі таңда істің егжей-тегжейлі мән-жайларын анықтау мақсатында барлық қажетті жедел- тергеу әрекеттері жүргізілуде.
[xfvalue_img]