Жамбылдық полицейлер жылжымайтын мүлікті иемдену арқылы алаяқтық дерегін анықтады
Жылжымайтын мүлікпен мәміле жасауда заңнаманың ашықтығына қарамастан, азаматтардың алаяқтар алдауына түсіп қалуы жиі орын алуда. Бұл адамдардың шамадан тыс сенгіштігіне байланысты болып тұр. Ағымдағы жылдың 11 айында ғана Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен 856 алаяқтық дерегі тіркелсе, оның 323-і интернет арқылы жасалған.
Осылайша Тараз қаласының Полиция басқармасына облыс орталығының 30 жастағы тұрғыны шағымданған. Ол таныс әйелдің қаладағы шағын аудандардың бірінен 2 бөлмелі пәтер алуға көмектесемін деген сылтауымен, сенімге кіру арқылы 2 000 000 теңге ақшасын иемденіп кеткенін айтты.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары 46 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Ұсталған азамат кінәсін толық мойындап, тергеу амалдары жүргізілуде.
Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Еске сала кетсек, күні кеше Жамбылдық полицейлер осындай қылмыстың ірі сомадағы мөлшерін ашқан. Сол кезде кінәлі әйел азаматтарды 50 миллион теңгеге алдап, жылжымайтын мүлікті тиімді бағамен сатып алуға көмектесуге уәде берген.
[xfvalue_img]