Жасырын тергеу әрекеттерін тағайындау және жүргізу кезіндегі заңдылықтың жай-күйі туралы

Жасырын тергеу әрекеттерін тағайындау және жүргізу кезіндегі заңдылықтың жай-күйі туралы

Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуын қадағалау прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Өткен жылы тергеу судьяларының қарауына ЖТӘ өткізу туралы 34637 қаулы келіп түсті, оның ішінде 32393 қаулы санкцияланды, 2244 ЖТӘ өткізуден бас тартылды.

Соттың санкция беруден бас тартуының себептері тергеушінің тапсырмасын жасау кезінде тиісті талаптардың сақталмауы, дәлелді негіздеменің болмауы және оларды тағайындау мерзімдерінің бұзылуы болды.  

А.ж. 1 тоқсанында жасырын тергеу әрекеттерін тағайындау және жүргізу кезінде заңдылықтың жай-күйін тексерумен қылмыстық қудалау органдарының қызметінде заңдылықтың бұзылуы анықталды.

Мәселен прокурорлар ЖТӘ тағайындау тәртібін сақтамауға, оларды жүргізудің тиісті негіздемелерінің болмауына, мерзімдерді бұзуға, сондай-ақ ЖТӘ-нің заңсыз өткізуге байланысты көптеген заң бұзушылықтарды анықтады.

ҚПК-нің 240-бабының 1-1-бөлігіне сәйкес өзіне қатысты жасырын тергеу әрекеті жүргізілген адамды бұл туралы қылмыстық іс бойынша қорытынды шешім шығарылған кезден бастап алты айдан кешіктірілмейтін мерзімде жасырын тергеу әрекетінің нәтижелерімен таныспай, сотқа дейінгі тергеу органы хабардар етуге тиіс.

Бұл ретте өздеріне қатысты ЖТӘ жүргізілген адам хабарланған сәттен бастап он бес тәулік ішінде тиісті ЖТӘ жүргізуді заңсыз деп тану және келтірілген залалды өтеу туралы өтінішпен мамандандырылған тергеу сотына жүгінуге құқылы.

Осыған қарамастан 227 жағдайда ҚПК-нің көрсетілген талаптарын бұзушылықтар анықталды.

Бас прокуратура бұзушылықтар бойынша қылмыстық қудалау органдарының атына прокурорлық қадағалау актілері енгізді. 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.