Жамбылдық полицейлермен қару-жарақтардың жасырын орындары табылды
Жамбыл облысының полиция қызметкерлерімен қаңтар айының 27-29 күндері аралығында тағы да жасырын қару-жарақ орындары анықталды.
Тараз қаласы 2-ПБ полиция қызметкерлері мен ҚАЖД мекемесі қызметкерлері бірлесіп жүргізілген іздестіру жұмыстары нәтижесінде қаладағы өртеніп кеткен ескі гараждардың бірінен қапқа оралған қарулар мен оқ-дәрілер табылды. Аталған орыннан «тіркелген және криминалды қару» есебінде жоқ калибрі 16 мм бір ауызды тегіс ұңғылы «ИЖ-3К» маркалы аңшы мылтығы, қаңтар оққиғасы кезінде ПД ғимаратынан ұрланған калибрі 9 мм «Макаров» тапаншасы, дыбысты граната, калибрі 9 мм 151 дана оқ-дәрі алынды.
Сондай-ақ, Жуалы аудандық полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Б.Момышұлы ауылында орналасқан ескі бос ғимарат ішінен қапшыққа салынып, жасырылған қарулар анықталды. Қапшықтан тегіс ұңғылы 16-калибрлі қос ауызды «ТОЗ» маркалы нөмері өшірілген шолақ мылтық және 5,45-калибрлі 15 дана оқ-дәрі табылды.
Барлық қаруларға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.
Қазіргі уақытта аталған деректерге қатысты ҚР ҚК 287-бабы 2 және 3-бөлігімен (Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз иемдену, жасау, беру, сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оны полицияға өз еркімен тапсырған адам, егер басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.
[xfvalue_img]
22 пікір