Жамбыл полицейлері 18 қару мен 900-ден астам оқ-дәрі тәркіледі
2023 жылғы 4 қаңтардан бастап Жамбыл облысының полиция қызметкерлері әртүрлі калибрлі 18 бірлік қару мен 900-ден астам оқ-дәрілерді тәркіледі.
Тәркіленген қарулардың арасында «АК-74» маркалы автомат, «АКС-74У» автоматы, «Benelli Argo 30-06» маркалы мылтық, «ПМ» тапаншасы, «Mossberg» қаруы, «ТОЗ-16» қаруы, «ИЖ» 16 калибрлі қаруы, «Reg agent» револьвері, «Бекас-2» маркалы бір оқпанды тегіс ұңғылы мылтық, газ тапаншасы, «Байкал» маркалы травматикалық тапанша, «МР-79-9тм» газ-травматикалық тапанша, екі тегіс ұңғылы аңшылық мылтығы, жарық-шулы гранатасы, тапанша оқжатарлары және әртүрлі калибрлі 901 оқ-дәрі бар.
Мысалы, 10 қаңтарда полиция қызметкерлерімен қаланың шағын аудандарының бірінің жанындағы бос жерде қапшықтан 7,62 мм калибрлі «АК-74» маркалы автомат, 9 мм калибрлі 6 оқ-дәрісі бар «ПМ» тапаншасы және 12 калибрлі 6 оқ-дәрісі бар «Бекас-2» маркалы бір тегіс ұңғылы мылтық табылды.
Сонымен қатар 15 қаңтар күні сағат 14.35 шамасында Шу аудандық полиция қызметкерлерімен Төле би ауылындағы қараусыз қалған ғимараттың бірінен қару-жарақ жасырынған орын анықталды.
Оқиға орнынан 1-дана «Mossberg» қаруы, 2-дана «ТОЗ-16» калибрлі, 1-дана «ИЖ» 16 калибрлі, 1-дана «ТОЗ» 16 калибрлі, 1-дана «ПБ-4»-1 мл калибрлі 18х45, 1-дана Револьвер «Reg agent» кл-9мм атыс қарулары және 2-дана жасауратқыш дыбыстық гранаталары, 308 дана оқ-дәрілер табылды. Оған қоса өткен жылғы қаңтар оқиғасы кезінде Жамбыл облысы Полиция департаментінен ұрланған 1 дана 9мм «ПМ» тапаншасы табылып алынды.
Бұдан басқа, жедел ақпаратты пысықтау барысында Шу қаласында полиция қызметкерлері 21 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Тексеру кезінде одан бір оқжатары бар "Байкал" маркалы тіркелмеген травматикалық тапаншасы табылып, тәркіленді.
Сондай-ақ, "102" пультіне Тараздың 41 жастағы тұрғынынан үй маңындағы электр бағанының жанынан оқ-дәрілері бар сөмке тапқаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақыруға келген полиция қызметкерлері аталған сөмкенің ішінен 7,62 мм калибрлі 509 оқ-дәріні анықтады.
Барлық қару-жарақ пен оқ-дәрілер сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді.
Жамбыл облысының полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оны полицияға өз еркімен тапсырған адам, егер басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.
[xfvalue_img]
15 пікір