Жамбыл облысында Ғ.Байтасовты еске алуға арналған волейболдан турнир өтті
Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов өзінің фейсбук парақшасында жазды.
«Бүгін «Динамо» дене шынықтыру-спорт кешенінде Жамбыл облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен «Халық Қаһарманы» Ғазиз Байтасовты еске алуға арналған волейболдан облыстық турнир өтті.
Спорттық іс-шара барлық санитарлық-талаптарды сақтаумен ұйымдастырылды.
Шараның салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Абдалы Нұралиев, Мемлекеттік қайраткер, облыстың құрметті азаматы Мұратбай Жолдасбаев, Жамбыл облысы Полиция департаменті жанындағы консультативтік-кеңесші органның төрағасы, «Қазақстанның Еңбек Ері» Мұқаш Ескендіров, облыс бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бастығы Марат Ирменов, Мемлекеттік кірістер департаментінің бастығы Қайрат Қармандаев, Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Теңізжан Жәнібеков және батырдың екі ұлы Арманжан мен Әділжан Байтасовтар қатысты.
Турнирде 10 команда бақ сынады. Тартысты өткен ойындар нәтижесінде 1-орынды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облыстық департаменті жеңіп алды. 2-орынды турнир ұйымдастырушыларының арнайы шақыруымен келген «Қазфосфат» командасы алды. 3, 4-орындарды Полиция департаменті және Төтенше жағдайлар департаменті иеленді.
Ғазиз Байтасовтың есімін ұлықтау шарасы жыл сайын жалғасын табатын болады. Алдағы 3 сәуір күні полиция капитаны 50 жасқа толар еді» - деп атап өтті полиция генерал-майоры.
[xfvalue_img]