"ҚОСТАНАЙДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ҚАБЫЛДАУ ДЕҢГЕЙІНЕ ҚАТЫСТЫ ӘЛЕУМЕТТІК САУАЛНАМА БАСТАЛДЫ"
Қостанай облысының тұрғындары үшін сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейіне анонимді онлайн сауалнама ұйымдастырылды.
Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастамасы өңірдегі сыбайлас жемқорлықтың жай-күйін бағалауға, сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім салаларды айқындауға бағытталған.
Департамент басшысы Бауыржан Ұзынжастың айтуынша, - "Әлеуметтік сауалнаманың қорытындысы біздің қызметімізді азаматтар жиі назар аударатын салаларға шоғырландыруға мүмкіндік береді, шағымдар, түрлі өтініштер келіп түседі, осының бәрі шешілуі қажет проблемалардың бар екендігін көрсетеді, ол үшін біз азаматтармен кері байланыс орнату бойынша жұмысты жалғастыратын боламыз және проблеммалық салалардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бағытында жұмысты жандандыру көзделуде".
Өткен жылы осындай сауалнамаға Қостанай облысының барлық қалалары мен аудандарын қоса алғанда, әртүрлі нысаналы топтардан 10 мыңнан астам респондент қатысқан болатын.
Нәтижесінде респонденттердің 80%-ы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметіне сенім білдірді, ал 66% - ы қажет болған жағдайда өңір аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жеке үлес қосуға ниет білдіруге дайын екендігін көрсетті.
Биыл анонимді әлеуметтік сауалнама 2023 жылғы 16-26 қаңтар аралығында өтеді, ресми қорытындылар Қостанай облысы бойынша Департаменттің әлеуметтік желілерде және сайтында жарияланады.
Департамент азаматтарды мемлекеттік және орыс тілдерінде 16 сұрақтан тұратын әлеуметтік сауалнамаға белсенді қатысуға шақырады.
Сауалнамадан келесі сілтеме бойынша өтуге болады:
https://docs.google.com/forms/d/1SwURjQF_ml2S3Ur55YwvTZrWMNpT1qeVzv1_Sn9ENRQ
ҚР СЖҚІА Қостанай облысы бойынша Департаменті
[xfvalue_img]
1 пікір