Студенттер таза сессияны қолдайды
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті сессияны өткізу барысында өңірдің білім беру үдерісінде сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау, сондай-ақ олардың сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін зерделеу үшін ЖОО мен колледж студенттері арасында анонимді сауалнама жүргізуде.
Сауалнаманың бірінші толқыны ағымдағы жылдың сәуір айында өтіп, 2000 адамды қамтыды. Студенттердің көпшілігі сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлауға дайын екенін атап өтті. Сауалнама нәтижесі бойынша академиялық адалдықты қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды күшейтуге бағытталған іс-шаралар өткізілді, бұл мәселе профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттердің қатысуымен талқыланды.
Осындай іс-шараларды өткізу жедел әрекет етуге, аймақтың сыбайлас жемқорлық көріністеріне барынша бейім салаларды дер кезінде айқындауға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау себептері мен жағдайларын жоюға және азайтуға, сол арқылы оқу орындарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алу бойынша жұмыстарды сапалы жүргізуге мүмкіндік береді.
[xfvalue_img]
16 пікір