Елордада «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтуде
Нұр-Сұлтанда 12-13 тамызда «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтуде.
Әкімшілік полиция, жергілікті полиция және көші-қон қызметінің қызметкерлері қызықтыратын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайтын болады.
Акция халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу және азаматтардың ішкі істер органдарына сенімін арттыру мақсатында өткізілуде.
Қала тұрғындары мен қонақтары полиция қызметкерлеріне жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көші-қон заңнамасын сақтау және т.б. мәселелері бойынша консультациялық және құқықтық көмек сұрай алады.
Акция мына орындарда өтеді:
- «Аружан» СОО (Жансүгіров к-сі, 8/1);
- «Керуен» СОО (Достық көшесі, 9);
- Әкімшілік тәжірибе бөлімінің ғимараты (20-40 көшесі, 4/1 үй).
Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде тікелей эфирлер өткізіледі, онда азаматтар өздерін қызықтырған сұрақтарға онлайн жауап ала алады.
Қала тұрғындары мен қонақтары Сall-орталығына мына телефондар бойынша 71-69-77, 67-75-75, 53-27-74 және Whatsapp мессенджері арқылы 8 708 382 13 76 хабарласа алады.
Сіздерді «Жолда қабылдау» акциясына қатысуға шақырамыз.
Нұр-Сұлтан қ. Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]