Нұр-Сұлтанда "Жолда қабылдау" акциясы аясында азаматтарды қабылдау қайта басталды.
Елордалық полицейлер қала тұрғындары мен қонақтарын "Жолда қабылдау" республикалық акциясына қатысуға шақырады.
2021 жылдың 19 және 20 ақпанда сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін әкімшілік полиция және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері азаматтарды мобильді қабылдайды.
Қала тұрғындары мен қонақтары қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес алу және құқықтық көмек алу үшін полиция қызметкерлеріне жүгіне алады.
Акция келесі орындарда өтеді:
- Мамандандырылған ХҚКО (20-40 көшесі);
- №2 Мамандандырылған ХҚКО ( «Нұрлы Жол» Вокзалы, А-82 көшесі 8);
- «Аружан» сауда-ойын сауық кешені (Жансүгіров көшесі,8).
[xfvalue_img]