Нұр-Сұлтанда полицейлер бірнеше көліктен ұрлық жасаған ер адамды ұстады
Күдікті бір күнде үш көліктің салонынан ұрлық жасап үлгерген. Сонымен, кешкі уақытта ер адам Үркер шағын ауданында болып, «Subaru Forester», «Toyota Land Cruiser 150», «Honda Accord» автокөліктерінің есіктің құлпын бұзу арқылы кіріп, азаматтардың жеке заттарын, ақша қаражатын, ұялы телефонын, құлаққап пен велосипедті ұрлап жалпы сомасы 1 млн.теңгеден астам материалдық шығын келтірген. Бұдан басқа, ол осыған ұқсас тәсілмен «Toyota Самгу» автокөлігінің бардачогынан 365 мың теңге ұрлап кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті пәтер ұрлығын жасағаннан кейін ұсталды. Таңертең ер адам жеке үйге кіріп, «HUTER» маркалы трансбой мен спорттық аяқ киімдерді ұрлаған.
Сондай-ақ 2019 жылы тонаушылық жасағаны үшін сотты болған 22 жастағы күдікті елорда аумағында осыған ұқсас 5 ұрлық жасағанын мойындады.
Қазіргі уақытта полицейлер оның бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.
Күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарға қырағы болуға және бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.
Нұр-Сұлтан қ. ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]