Әлжелідегі СІМ аккаунттарындағы жаңа айдар – «Жаңа Қазақстан дипломатиясының дидары»
Құрметті оқырмандарымыз,
Қазақстан Республикасының және оның азаматтарының мүдделерін өзге мемлекеттермен ықпалдастықта қорғау және ілгерілетумен күнделікті шұғылданатын Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері туралы көбірек айтуды жөн көріп отырмыз.
Қоғамға пайдасын тигізетін қандай да бір кәсіп құрметке лайық деп санаймыз. Олардың қатарында, әлбетте, кәсіби дипломатия да бар. Сондықтан әріптестерімізбен шағын сұхбаттарымыз шынайы қызығушылық тудырып, жалғасын табатынына үміт артамыз.
Биыл тәуелсіз Қазақстанның дипломатиялық қызметінің құрылғанына 30 жыл толып отырғанын да еске ала отырып, алдағы уақытта әңгімеге жас дипломаттармен қатар аса тәжірибелі әріптестерімізді де тарту ниетіміз бар.
Алғашқы жарияланымымыздың кейіпкерлері – ҚР СІМ Халықаралық қауіпсіздік департаментінің басқарма басшысы Ілияс Ахметов пен Халықаралық ақпарат комитетінің Үшінші хатшысы Ақбота Қаиркен.
Осымен бастаймыз.
[xfvalue_img]