СІМ жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды
АСТАНА, 2018 жыл 15 маусым – Айбек Смадияров Қазақстан Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы болып тағайындалды. Астана журналистік корпусын жаңа баспасөз хатшысымен Сыртқы саясат ведомствосының басшысы Қайрат Әбдірахманов таныстырды.
35 жастағы А.Смадияров кадрлық дипломат болып табылады. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін үздік бітірген. Бұрын СІМ-нің орталық аппаратында, Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінде және Президенттің баспасөз қызметінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды. Соңғы жылдары Қазақстанның Вьетнамдағы Елшілігінде кеңесші болды.
«Сыртқы саясат ведомствосы бұқаралық ақпарат құралдары мен жұртшылық үшін ашық болып қала береді. СІМ Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сыртқы саясатын түсіндіру және насихаттау, мемлекет пен Қазақстан халқының мүдделерін халықаралық аренада қорғау бойынша жұмысын жалғастыратын болады», - деп айтты Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов журналистердің алдында.
СІМ баспасөз қызметінің бұрынғы басшысы Әнуар Жайнақов қысқа мерзімде Нью-Йорктағы Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігіне кеңесші болып тағайындалды.
Сыртқы істер министрлігі қазақстандық журналистерді алда келе жатқан кәсіби мерекелері - Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтайды.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз хабарламасы
[xfvalue_img]