СІМ Жастар жылын «Қазақстан дипломатиясының жаңа есімдері» кітабының тұсаукесерімен атап өтті
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институты Жастар жылы аясында 5 наурызда «Тәуелсіздік дәуіріндегі» дипломаттардың жас буынына арналған «Қазақстандық дипломатияның жаңа есімдері» атты сұхбаттар жинағының тұсаукесерін ұйымдастырды.
Дипломатия институтының жас магистранттары және професорлық-оқытушылар құрамымен кездесу түрінде өткен тұсаукесер барысында Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко қатысушылар назарын Президент Н.Ә.Назарбаевтың «сандық қоғам мен білім экономикасымен жаңа жаһандық өркениет пайда болуда» және нақты «жастар – еліміздің заманауи әлемдегі бәсекеге қабілеттілігінің басты факторы» сөздерінің маңыздылығына аударды.
Министрліктің Орталық аппаратында 44 жасқа дейінгі 289 жас дипломаттар, оның ішінде 60 адам басшылық лауазымдарда жұмыс атқаратындығы, олардың 9-ы әйел азаматтары екендігі атап өтілді. Астанада жас дипломаттар арасында екі ғылым докторы, бір ғылым кандидаты, «Болашақ» стипендиясының 18 түлегі, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтының 86 түлегі жұмыс істейді.
Жастар жылы аясында Министрлік бірқатар іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр: жаңадан тағайындалған қызметкерлерді кәсіби бейімдеу мақсатында Жас дипломаттар кеңесін құру; ШЫҰ жастар форумын ұйымдастыру, АӨСШК-ға мүше елдердің жастар кинофестивалі мен жас суретшілер туындыларының көрмесі; дипломаттардың «КАЗМӘУ» университеті студенттерімен ғылыми зерттеулер бойынша консультация жүргізуге арналған жобаларын жүзеге асыру; «БҰҰ үлгісі» жалпы ұлттық іс-шарасын өткізу, онда барлық елдердің студенттері дипломаттардың тәлімгерлігі бойынша өзекті халықаралық мәселелер бойынша пікірталастар өткізеді; Елшіліктердің шетелдегі қазақстандық студенттермен жұмысын жандандыру және т.б.
Германия, Жапония, Мысыр, Қытай және басқа елдерде жас дипломаттар үшін бірнеше халықаралық тағылымдамалар жоспарлануда. Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін көтеру, сондай-ақ шет тілдерді үйрену курстары тұрақты негізде жүргізіледі. Дипломаттар Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына біліктілігін арттыруға, Дипломатия институтында магистратура мен докторантурада білім алуға жіберіледі.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтының Директоры Мариан Әбішева Институттың сыртқы саяси ведомство үшін кәсіби дипломатиялық кадрларды даярлаудағы маңызды рөлін атап өтті.
1991-1994 жылдары егеменді Қазақстанның Сыртқы істер министрі, қазіргі уақытта Дипломатия институтының профессоры, ҚР Сыртқы істер министрлігінің құрметті ардагері Төлеутай Сүлейменов өз сөзінде «жас буын қазақстандық дипломатияны мақтан тұта алады және мақтан тұтуы тиіс. Жастар еліміздің имиджі мен жоғары беделін абыроймен алып жүруі керек. Сонымен қатар, еліміз тәуелсіз мемлекет болғандықтан оны қорғауға дайын болып, көкіректі көтеріп жүру тиіс, ал дипломатиямыз оңай қалыптасқан жоқ, қиын кезеңдерден өтіп, халықаралық қоғамдастықпен танытады, жоғары деңгейге жетті» - деді.
«Қазақстан дипломатиясының жаңа есімдері» кітабы оқырмандарға дипломатиялық қызметтің басқа қырларын танытты, Сыртқы істер министрлігі жұмысының бағыттарын айқындайды.
Жас мемлекеттік қызметкерлер өздерінің «СІМ-ге» әкелген жолы туралы айтып, дипломатиялық қызмет туралы көзқарастарымен бөліседі, сондай-ақ Отанымыздың ұлттық мүдделері үшін күнделікті атқарып жатқан жұмысы туралы әңгімелейді. Сұхбаттарда дипломатиялық алаңдағы жұмыстың экономикалық, саяси, ақпараттық-имидждік, консулдық бағыттары, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен алаңдардағы жұмыстар жан-жақты сипатталады.
Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко «Халықаралық қатынастар саласында жылдам өзгеріп жатқан ақиқат дипломаттардың жаңа буынына жоғары талаптар қоюда – олар отандық дипломатияның дәстүрлі қағидаларын өздеріне сіндіріп қана қоймай, сондай-ақ жаңа технологиялар қолданылатын алуан түрлі саяси сын-қатерлерді болжап, оларға уақытылы жауап беруі қажет», - деп атап өтті.
Осылайша, Дипломатия институтының магистранты Жәнібек Бектемісов заманауи дипломатиядағы әлеуметтік желілердің ерекше рөлін және жас буынның 21 ғасырдағы осы маңызды ресурспен жұмыс жасау маңыздылығын атап өтті.
Іс-шараға дипломатиялық қызметтің ардагерлері, Мемлекеттік басқару академиясының тыңдармандары, сондай-ақ жас дипломаттар – кітаптың авторлары қатысты.
Басылымның тұсаукесері жас дипломаттардың Қазақстанның дипломатиялық қызметінің жетістіктерін сақтауға және жетілдіруге деген ұмтылысына назар аудара отырып, ұрпақтар сабақтастығы рухында өтті.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігінің
баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
35 пікір