Ауыл тұрғындарының сүікті жері: «Улыбка» балалар алаңы
Түркістан облысындағы Кентау қаласының іргесіндегі шағын ғана Хантағы ауылының бүлдіршіндері қазір спортпен шұғылданып, көңіл көтеретін орынға ие болды. Мұнда жергілікті тұрғын Нұргүл Әтірханның бастамасымен жаңа ойын алаңы пайда болды. Біз бойжеткенмен сөйлесіп, оны не шабыттандырғанын және жергілікті тұрғындар үшін маңызды жобаны қалай жүзеге асыра алғанын білдік. Өйткені бұл жер ұзақ уақыт бойы қараусыз қалып, бірте-бірте қоқыс алаңына айналды.
Нұргүл Әтірхан "Мемлекеттік корпорация" КЕАҚ "Азаматтарға арналағн үкімет" филиалында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекші маманы қызметін атқарады. Оның айтуынша, бұған дейін Хантағы ауылының тұрғындары қоқыс алаңын өз күштерімен жойған: оны тазартып, жиналған қаражатқа материалдар сатып алды, алаңды қоршап, топырақ әкелген, бірақ ойын алаңын жабдықтауға ақша жетпеді. Өткен жылдың қыркүйегінде HALYQ YMITI әлеуметтік идеялар байқауы туралы білген Нұргүл оған қатысуға бел буып, «Улыбка» жобасын ұсынды. Байқаудың қорытындысы көп күттірмеді – көп ұзамай ол Байқау жеңімпазы атанып, идеясы үшін «Халық» қайырымдылық қорынан 1 миллион теңге алатынын хабарлады.
«Мұндай байқауға бірінші рет қатысуым еді. Сондықтан мен қатты уайымдадым. Менің жобам үздіктердің біріне айналғанын естігенде, қуанышымда шек болмады. HALYQ YMITI арқасында менде үміт, сенім, өзіме және күш-қуатыма деген сенімділік пайда болды», - дейді Нұргүл Әтірхан.
Нұргүл жобаны жұбайымен бірге жүзеге асырады. Отбасы балаларына қуаныш пен бақыт сыйлауды ең басты міндет деп санайды. Сондықтан жаңа алаң «Улыбка» деп аталды. Олар көздеген армандарына қол жеткізгендей, өйткені ауылдастары олардың көрсеткен белсенділігі мен бастаманы жоғары бағалады.
«Біздің ауылда бір ойын алаңы бар. Бірақ ол шетте орналасқан. Сонымен қатар, ол үлкенірек балаларға арналған. Ал біз ойын алаңында кішкетай бүлдіршіндер, жасөспірімдер және ата-аналар үшін жеткілікті орын болғанын қаладық. Бүгін балалардың күлкісі мен көздерінен бақытты көріп, еңбегіміз зая кетпегенін түсінемін. Балалардың ата-аналары бізге күн сайын алғыс айтады. Біз жобамызға жүрегіміз бен жанымызды салдық. Ойын алаңын ретке келтіру кезінде күйеуім мен қайын атам өздері арық қазып, құмды тегістеген. Жайластыру жұмыстары әлі де жалғасады», — дейді Нұргүл.
Жаңа ойын алаңы қазірдің өзінде ауыл тұрғындарының ең белсенді мекеніне айналды. «HALYQ YMITI» байқауында жеңіске жеткен «Халық» қорынан алынған ақшаға алаңға турник, үй, 3 әткеншек, теңгерім арқалықтары, орындықтар мен құмсалғыш орнатылды. Нұргүл Әтірхан мұнда қосымша сыртқа жаттығу құралдарын орнатуды жоспарлап отыр.
«Хантағы ауылында 6 мыңға жуық адам тұрады. Ауыл қоғам қайраткерлері, жазушылар, батырлармен ғана танымал емес, сұлу табиғатымен ерекшеленеді. Ауыл тарихи киелі нысандарға да бай. Туристер бізге жиі келеді. Ойын алаңы келешекте ауыл тұрғындары мен қонақтарының назарын аударатын орынға айналғанын қалаймын», – дейді Нұргүл.
[xfvalue_img]