ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛЫНДА ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ АШЫЛДЫ
Салтанатты ашылу рәсімі ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды . Ямышев ауылының жаңа МҮ " Ауыл – ел бесігі "жобасы аясында салынды.
– Мәдениет үйі ауыл тұрғындарына жастардың бос уақытын тиімді өткізу үшін ғана емес, өскелең ұрпақтың бойында мәдени құндылықтарды тәрбиелеу үшін де қажет. Жаңа мәдениет үйінің көмегімен білім сапасын жақсартып, жаңа таланттар тауып, жаңа жұмыс орындарын ашамыз деп үміттенеміз, – деп аудан әкімдігінде жоспарларымен бөлісті.
Жаңа мәдениет үйінде ауыл кітапханасы, ауылдың этномәдени бірлестіктері, "ZhaStar"креативті жастар орталығы орналасқан. Сондай-ақ, МҮ-де вокал, хореография, домбыра ойнаудан балалар мен жастарға арналған шығармашылық үйірмелер жұмыс істей бастайды.
Лентаны кесер алдында клуб аумағында ауыл тұрғындары ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Егеменді ел" аллеясын отырғызды.
Скверді құруға аудан басшылығының өкілдері, Құрметті азаматтар, жергілікті тұрғындар, жастар өз үлестерін қосты.
Салтанатты бөлімнен кейін барлық қатысушылар мәдениет үйінің ғимаратына жаңа мәдениет нысанымен танысу үшін шақырылды. Мұнда қонақтарды Ямышев ауылының шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт күтіп тұрды.
[xfvalue_img]