Жаңақорғанда пробация есебіндегі 65 сотталғанға тегін дәрі- дәрмек қобдишасы таратылды
25.10.2021 жылы Жаңақорған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі пробация есебінде тұратын әлеуметтік көмекке мұқтаж 65 сотталғанға дәрі- дәрмек қобдишасын таратты. Дәрі-дәрмек қобдишасында бетперде және антисептик құралдары, ыстықты түсіретін, аурумен күресетін және иммунитетті көтеретін дәрілер де бар.
Аудандық пробация қызметінің инспекторы Әсет Мұратбаевтың айтуынша әлеуметтік көмек бірінші кезекте тұрмыс жағдайы төмен, әлеуметтік көмекті қажет ететін азаматтарға беріледі. Жыл басынан пробация есебінде тұратын 76 сотталғанның 65-і тегін медициналық көмек алған. Бұған дейін де аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі есептегі бес азаматқа азық- түлік себеттерін таратқан болатын.
Көмек алған азаматтар пробация қызметі мен аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мамандарына алғысын айтты.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]