Жөтел – үрейленудің себебі емес: Санофи «Жөтелді жасырма, онымен күрес!» жобасын іске қосады
* Зерттеулер - бұрын салыстырмалы түрде әдеттегі беталыс болып есептелетін жөтел мен түшкіру қазіргі таңда адамдармен әлеуетті қауіпті және үрей тудыратын жағдайлар ретінде қабылданатындығын көрсетеді [1];
* Сонымен қатар адамдар айналасындағылардан жөтелді жасыруға тырысады – бұның тиімділігі аз ғана болып қоймай, сонымен бірге кейбір кезде қауіпті болуы да мүмкін.
Санофи «Жөтелді жасырма, онымен күрес» («Don’t Hide The Cough, fight it») жобасын іске қосады, бұл жоба адамдарды тұмау аурулары кезінде жөтел жөнінде ақпараттандыруға және оның әлеуметтік стигматизациясын азайтуға бағытталған.
Көптеген адамдарда туындайтын салқын тию белгілері күннің маусымдық салқындауынан және жабық бөлмелерде, адамдар көп жиналған жерлерде ұзақ уақыт болумен байланысты болуы мүмкін [2]. Еуропалық тыныс алу жолдары қоғамының деректері бойынша жалпы тәжірибедегі маманға жүгінудің 30% қалай болғанда да жөтелдің дамуымен байланысты [3]. Орташа алғанда ересек адамдарда жылына екіден үшке дейін ЖРВИ жағдайлары болады, ал балаларда – алтыдан сегізге дейін [4].
Пандемия жағдайында қоғамдық жерлерде адамдардың жөтелге жағымсыз көзқарасы айтарлықтай ұлғайды [1], көбіміз айналамыздағы адамдарды қорқытпау және жүйкесіне тимеу үшін келіп тұрған жөтелді тыюға тырысамыз.
Жөтелудің қажеттілігі – бұл ағзаның физиологиялық қажеттілігі, оның ешқандай ұяттығы жоқ[4]. Тек қарапайым ережелерді сақтау керек:
- Жөтел кезінде қоршаған адамдардан өзіңізді алшақ ұстап, қол орамалмен немесе майлықпен аузыңыз бен мұрныңызды жабыңыз немесе шынтақтың бүгілген жерімен жабыңыз. Қолыңызды жумастан бұрын ұстайтын беттерге микробтарды тасымалдамас үшін, ауызыңыз бен мұрыныңызды алақаныңызбен жаппаңыз [5,6,7,8];
- Ауыра бастағаныңызды сезсеңіз, жақын адамдарыңызбен байланыспауға тырысыңыз немесе олардан өзіңізді қауіпсіз қашықтықта ұстаңыз [9];
- Жүйелі түрде қолыңызды сабынмен және жылы сумен жуыңыз немесе антисептик пайдаланыңыз. Бетіңізді ұстамауға тырысыңыз [9].
Салқын тию кезіндегі жөтел қолайсыздықтар туғызуы мүмкін, бірақ оны жеңіп, толыққанды өмірге оралуға болады:
- Күн тәртібі мен салауатты өмір салты анағұрлым жылдам жазылуға жағдай жасайды: ұйқыны қандыру, жеткілікті су мөлшерін ішу, жылы киім кию, жеке бас гигиенасын сақтау, үйде тазалықты сақтау өте маңызды – осының барлығы иммундық жүйеге вирустармен күресуге көмектеседі [10,11];
- Құрамында бромгексин немесе амброксол гидрохлориді бар жөтелге қарсы дәрі – дәрмектер (муколитик амалдары) жөтелді жеңілдетуге көмектеседі [12].
Көп жағдайларда жөтел салқын тию белгілері болып табылады және 7 – 10 күннің аралығында өтеді [10]. Алайда кейбір кезде ол медициналық көмекті талап ететін күрделі аурудың белгісі болуы мүмкін. Кез келген созылмалы жөтел – дәрігер маманына жүгінудің себебі болып табылады [13].
Жөтел – бұл ұят емес, және оны жасырмау керек! Бұл белгілер қолайсыздықтар тудыруы мүмкін, алайда сіз өзіңізді күтудің қарапайым ұстанымдары мен дұрыс емді үйлестіріп - онымен күресе аласыз.
Санофи туралы
Біз — денсаулық сақтау саласында жұмыс жасайтын және бір мақсатта қозғалатын инновациялық ғаламдық компаниямыз: біз адамдардың өмірін жақсарту үшін ғылымның жетістіктерін ұғынуға ұмтыламыз. Біздің 100 елдерде жұмыс жасайтын қызметкерлер мүмкін емес заттар мүмкін болатын әдеттегі медициналық тәжірибені жетілдірумен айналысады. Біз емдеудің жаңартпа нұсқаларын жобалаймыз және әлемдегі миллиондаған адамдарды қорғау үшін өмірлік маңызы бар вакциналар жобалаймыз. Сонымен бірге біздің барлық қызметіміз тұрақты даму мен әлеуметтік жауапкершілік ұстанымдарының айналасында тұрғызылады.
[xfvalue_img]