АҚМОЛАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ ТӘРТІПТІ ҚАДАҒАЛАУҒА КӨМЕКТЕСУДІ ЖАЛҒАСТЫРУДА
Өңір спортшылары қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін халық жасағына бірікті,
ИЫҚПЕН ИЫҚҚА. Ақмола облысында спорт қауымдастығы полиция қызметкерлеріне тәртіпті сақтауға көмектесу үшін ерікті халық жасақтарын құру туралы бастама көтерді.
Аймақтың 400-ге жуық жанашыр спортшылары өздерінің азаматтық позицияларын көрсетуге және түнгі рейдтерге, коменданттық сағат кезінде полиция қызметкерлерімен бірге баруға шешім қабылдады. Еріктілер күштері аумақтық түрде бөлінеді.
Ақмолалықтар қауіпсіздік қызметкерлерін елдегі бейбітшілік үшін жан-жақты қолдау көрсететініне сендірді.
«Осы қиын уақытта бәріміз бірге болып, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Біз заңсыздыққа, терроризмге, тонауға қарсымыз. Біз бейбіт ел үшін. Біздің отбасымыз бар, ата-анамыз, балаларымыз бар, біз оларға қамқорлық жасауымыз керек. Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Қазақстанда жасалған игілікті біз жоғалтпауымыз керек. Патриот болайық!»,- деп шақырды еріктілер
[xfvalue_img]
7 пікір