Нұр-Сұлтанда Тәуелсіздіктің 30 жылы ішіндегі қаланың даму тарихы туралы кітаптар таныстырылды
Елордада «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: жарқыраған Елорда» атты ғылыми-практикалық конференция аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі дайындаған үш кітаптың тұсауы кесілді. «Нұр – Сұлтан – Тәуелсіздік тұмары»/«Нұр-Сұлтан – Тәуелсіздік символы», «Тарихи шешімдер, тағдырлы белестер» басылымдары және «Ел жүрегі - Нұр-Сұлтан» әндер жинағы елорданың қалыптасу тарихы туралы әңгімелейді.
«Нұр – Сұлтан – Тәуелсіздік тұмары» және «Нұр-Сұлтан – Тәуелсіздік символы» кітаптары «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттерінде Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде жарық көрген материалдар негізінде жазылған. Бұл беттер арқылы еліміздің бас қаласының шежіресін байқауға болады.
Айта кететіні, Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында елордада 1000-нан астам түрлі іс-шаралар, оның ішінде 300-ден астам ірі іс-шаралар өткізілді. Қала 30 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өту үшін бар күшін салды. Елорда білім беру, құрылыс саласында үлкен жетістіктерге жетті. Тек осы жылдың өзінде 3,2 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынды, бұл қала үшін рекорд. 15 мектеп салынды, 13 мың үлескер өз баспаналарын алды.
[xfvalue_img]