Ж.Ж. Жылқышиеваның «ASTANA – ADALDYQ ALAÑY» Кітабының тұсаукесерінің
Ағымдағы жылдың 9 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «ASTANA – ADALDYQ ALAÑY» кітабының тұсаукесері өтті. Бұл басылымның авторы – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкері Жазира Жылқышиева.
Үш жылдан астам уақыт бұрын елордада ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен қала әкімдігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы теңдессіз біріккен «Астана – адалдық алаңы» жобасы бастау алды, ол аса айқын әлеуметтік бағыттылыққа ие. Оның негізгі мақсаттары – тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты төмендету, мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен айқындығы жолымен билік органдарына деген халық сенімін жоғарылату.
Осы жобаны жүзеге асырған ұйымдастырушылардың бірі, сондай-ақ 2018 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы жобалық кеңсенің жетекшісі болып табылатын осы кітаптың авторы Ж.Ж. Жылкышиева жоба тұжырымдамасын әзірлеуге, оның идеологиясын белгілеуге өз үлесін қосты. Осы жобаны жүзеге асырудың арқасында денсаулық сақтау, білім беру, сәулет және т.б. салалардағы тұрмыстық сыбайлас жемқорлық барынша азайды.
«Астана – адалдық алаңы» жобасы бастамасымен елордада тұтынушыларға қызмет көрсететін «iQALA» орталығы, сервистік әкімдіктер ашылды, «Ашық бюджеттің интерактивтік картасы» платформасы енгізілді. Осы және басқа да бастамалар туралы кітапта жазылған.
Нұр-Сұлтан қаласында бастамаларды табысты түрде апробациялау елорда тәжірибесін өңірлерде енгізуге мүмкіндік берді, бұл жобаның республикалық ауқымға дейін дамуына септігін тигізді.
Автор жобалық кеңсе жетекшісі ретінде өзінің қызмет кезеңінде маңызды әлеуметтік салаларға жан-жақты талдау жүргізіп, онымен осы басылымда оқырмандармен бөліседі.
Кітап мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне, сонымен қатар кең ауқымды оқырмандарға арналған.
[xfvalue_img]