Елордадағы халықаралық мектептің оқушысы малдың жаппай қырылу мәселесінің шешімін ұсынды

Елордадағы халықаралық мектептің оқушысы малдың жаппай қырылу мәселесінің шешімін ұсынды

Нұр-сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің оқушысы Дарья Петина малдың жаппай қырылу проблемасына байланысты өз шешімін ұсынды. Оқушы хлорелла балдырларынан құрғақ жемшөп қоспасын дайындады.

 - Еліміздің аридтік аймақтарында қалыптан тыс ыстық ауа-райы мен жауын-шашынның аз болуы себепті қуаңшылық орнап, малға қажетті азықтың болмауы кездеседі. Қуаңшылық, жем-шөптің жоғары бағасы - бұл аймақтарда малдың азаюына, жеке табыстың жоғалуына қауіп төндіреді. Азық-түлік рационында консервіленген, ұнтақты хлорелланы қолдану мал санының қырылуына жол бермейді, - дейді автор.

Хлорелла - тірі организмдердің толық өсуіне қажетті фолий қышқылы, кальций, фосфор, кобальт, магний, мырыш сияқты органикалық және бейорганикалық заттардың кең спектріне ие балдырлар өкілі.

NIS оқушылары арасында өткен ғылыми жобалардың желілік байқауында Дарья хлорелланы өсірудің неғұрлым тиімді әдісін анықтау мақсатындағы жұмысын ұсынды. Ол үшін оқушы хлорелланы төрт бөлек бес литрлік ыдыста түрлі жағдайдарда өсіріп көрген.

- Хлорелла өсірудің ең жылдам және тиімді әдісін табу және оны азыққа қолдану - өзекті мәселе. Хлорелла суспензиясы әрі жоғары калориялы азық қоспасы, әрі қолжетімді. Кез-келген фермер хлорелланы салыстырмалы түрде төмен бағамен өсіріп, оны тыңайтқыш ретінде қолдана алады, - деп бөліседі жас ғалым.

Айта кетейік, 2021 жылдың көктем-жазы Маңғыстау және Қызылорда облыстарының шаруалары үшін оңай тиген жоқ: көктемгі жауын-шашынның аздығы мен азық тапшылығынан өңірлердегі мал шаруашылығы саласы зардап шекті. Бұдан бөлек, елдің шығыс, батыс және солтүстік бөліктерінде малдың жаппай қырылуының жекелеген жағдайлары тіркелген болатын.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.