ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР 4 ҚОЛА МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР 4 ҚОЛА МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Қазақстанның құрама командасы химия пәнінен Халықаралық олимпиадаға қатысты (International Chemistry Olympiad-IchO). Олимпиада қорытындысы бойынша құрама команда 4 қола медаль жеңіп алды. Covid-19 коронавирустық инфекция пандемиясы жағдайында халықаралық жарыс қашықтан өтті.

Олимпиадаға әлемнің 60 елінен 200-ден астам оқушы қатысты. Қазақстан осы турнирге іріктеу турлары мен Менделеев олимпиадасының жалпы рейтингісінің нәтижелері бойынша құрама команданың мүшесі болған 4 конкурсантты ұсынды.

Олимпиада қорытындысы бойынша құрама команданың барлық мүшелері қола медальға ие болды. Жеңімпаздар қатарында – Павлодар қ. химия-биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі»  ДББҰ-ның оқушысы Қайырбек Хайдар – қола медаль; Нұр-Сұлтан қ. химия-биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ-ның оқушысы Мужубаев Әбілмансұр – қола медаль; Сейсенқұл Бақдәулет (Нұр-Сұлтан қ. дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушысы) – қола медаль; Алматы қ. «Galaxy» халықаралық мектебінің оқушысы Абдугафарова Кибриянур – қола медаль.

Құрама команданың жаттықтырушылары – Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің химиялық инженерия магистрі Ернұр Төлеп пен «Назарбаев Университетінің» магистранты Әзім Аманжоловтың жұмысының арқасында қазақстандық оқушылар химия пәнінен 52-ші халықаралық олимпиадада елімізді лайықты деңгейде көрсете білді.

Жалпы Халықаралық химиялық олимпиада (International Chemistry Olympiad-IChO) – бұл дарынды оқушыларға арналған химия пәні бойынша жыл сайынғы халықаралық олимпиада.

 

ҚР БҒМ баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

  1. аватар
    Arletha 31 октября 2026 03:55

    Für mich zählen Sofort Casinos zur ersten Wahl dank Tempo, Transparenz und direkter Kontrolle über Einzahlungen. Wenn ihr auf schnelle und sichere Einzahlungen Wert legt, ist Sofortüberweisung die ideale
    Wahl. Die Online Casino Sofortüberweisung ohne Limit ist eine erweiterte Version des klassischen Sofortbankings, bei der ihr Einzahlungen ohne festgelegte Obergrenze tätigen könnt.

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.