Өз өзіне қол жұмсау тығырықтан шығар жол емес
28.10.2021жылы Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесіне Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр дәрігерлері Әлшоразова Марта Төремұратқызы, Ауезов Алмас Сайлауұлы, психолог мамандары Омарова Гулнар Камалқызы, Смагулова Ботагөз Бахтиярқызы, Жастар денсаулық сақтау орталығының психолог маманы Алтынбаева Гульзинат Адилбекқызы келіп, қатаң жағдайда ұсталушы сотталғандарымен топтық сұхбат және тренинг жүргізді.
Аталған іс-шара мекемеде ұсталушы сотталғандардың өз-өзіне қол жұмсауының алдын алу және білікті мамандардан кеңес алу мақсатында өткізілді.
Мамандар жазасын өтеуші азаматтардың өмір сүруге деген құлшыныстарын, бір-біріне деген сенімділіктерін арттыруға бағытталған «Геометриялық фигура», «Менің өмірім», «Кел, достасайық» атты тренинг жаттығуларын қолданды.
“Ауру туралы айта берсе, саудың да сабыры кетер” демекші, неғұрлым жағымсыз жағдайлар туралы айта бергенше сол жағдайлардың алдын алу үшін іс-шараларды белсенділікпен ұйымдастырған жөн-ақ. Сала мамандарының қатысуымен өткізілген шара сотталғандардың өзін-өзі өзгертуге, қоғамнан өз орнын табуға септігі мол»,- дейді мекеменің психолог мамандары.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]