М. Ахметжанов: «білім беру жүйесіндегі жемқорлық мемлекеттің болашағына тікелей қауіп төндіреді»
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы М. Ахметжанов еліміздің жоғары оқу орындары ректорларының қатысуымен өткен республикалық кеңесте мәлімдеді.
Спикер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін құралдар бар екенін, тек оларды пайдалана білу қажеттігін атап өтті.
«Сондықтан біздің ортақ міндетіміз – оны азайту және жоюға қажетті барлық шараларды қабылдау. Жоғары оқу орындарында адал еңбекті бағалайтын, өз Отанына қамқор болатын еліміздің лайықты азаматтарын тәрбиелеу және оқыту», - деп атап өтті М. Ахметжанов.
Кеңес соңында білім беру ұйымдары мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арасындағы өзара іс-қимылға жаңа серпін беру, сондай-ақ алдын алу сапасын арттыру мақсатында Агенттік пен Білім және ғылым министрлігі арасында бірлескен Меморандумға қол қойылды.
[xfvalue_img]