Антикормен үш жыл ішінде білім беру саласындағы 400 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы тіркелді
Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы М. Ахметжанов еліміздің жоғары оқу орындары ректорларының қатысуымен өткен Республикалық кеңесте мәлімдеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының деректеріне сәйкес соңғы үш жылда білім беру саласында 400 - ден астам сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тіркелген (2019ж. - 161, 2020ж. -181, а.ж. 9 айында-72). Оларды жасағаны үшін 270 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Олардың арасында білім вице-министрлері, Министрліктің еншілес ұйымдары басқармаларының төрағалары, облыс әкімдерінің орынбасарлары, облыстық және аудандық деңгейдегі білім басқармалары мен бөлімдерінің басшылары, ЖОО ректорлары, мектеп директорлары және т. б. бар.
«Мысалы, биыл жазда халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің бұрынғы ректоры Дамир Шыныбековке (8 жыл) қатысты айыптау үкімі күшіне енді, ол ЖОО бухгалтерімен бірге стипендияға бөлінген 1,7 млрд теңгені ұрлаған», - деді М. Ахметжанов.
Сондай-ақ, қазір Антикор «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің» басшылығына және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларына қатысты университеттің жер телімін заңсыз иеліктен шығару фактісі бойынша іс тергеліп жатқанын атап өтті.
[xfvalue_img]