Елорда тұрғыны көршісінің контейнерін ұрлап кеткен.
Көршілерінің үйінде жоқ сәтін пайдаланған ер адам, манипулятор көлігін жалдап, өзін үй иесі ретінде таныстыра отырып, үлкен металды қоқыс-контейнерін артып алып кеткен.
Құны 800 мың теңге тұратын ұрланған контейнерді қала тұрғыны металл сынықтарын қабылдау пунктіне тапсырған.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері 36 жастағы күдіктіні ұстады. Ұрланған контейнер иесіне қайтарылды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта ұсталған адамның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті қала тұрғындарына үйлер мен кіреберістерді бейнебақылау камераларымен жабдықтауды, есіктерді берік құлыптармен нығайтуды және пәтерлерді күзет дабылдарымен жабдықтауды ұсынады.
Нұр-сұлтан қ. ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]