Түрмеде де кәсіп бар

Түрмеде де кәсіп бар

Кез келген адамның түрмеде өткен өмірі болашағына кедергі келтірмеуі тиіс. Әрине, солай айтамыз-ау, бірақ көпшіліктің темір тор көрген туысы бар танысынан алшақ жүруді жөн санайтыны жасырын емес. Жазасын өтеушіні қоғам қабылдамаса, босап шыққан соң бақылауда болмаса, қалыпты өмірге қалай бейімделеді? Жұмысқа орналасуы онсыз да қиын, тіпті басым бөлігі белгілі бір мамандықты да меңгермеген. Тұратын баспанасы мен келгенде қарсы алатын жақыны жоқтар қылмысқа қайта ұрынады емес пе? Сотталғандар бостандыққа шыққанда қайта қателікке ұрынбас үшін оларды жұмыспен қамтамасыз ету жолға қойылған. Қателікке бой алдырған адамдардың тар қапастағы өмірі жайлы білуді жөн сададық. Түзеу мекемесінде бас бостандығынан айрылып, жазасын өтеп жатқандарды еңбекпен қамтамасыз ету – Түркістан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басты міндеттерінің бірі.

Қазіргі нарықтық заман табалына сай, облыстық ҚАЖ департаментіне қарасты ИЧ-167/9 мекемесінде атқарылып жатқан нақты істерге көз сүйсінеді. Аталған мекемеде жұмыс көзін ашқан сотталған азаматтар ісінің алға басуы тек талмас еңбек пен сенімнің арқасы. Сонымен қатар, Сот үкімімен белгіленген талап қарызы бар сотталғандарды еңбекпен қаматамасыз ету арқылы белгіленген қаржыны темір тордың арғы жағында отырып та қайтаруына мүмкіндік алуда. Сотталғандарды еңбекке баулы арқылы оларды тәрибелеуге жол ашылған. Түрмеде кәсіппен айналысқан сотталғандар жазасын өтеп шыққан кейін, өздерінің үйренген ісін кәсіпке айналдырып, отбасын асырап жүргендер де көп.

433 сотталған отбасына көмектесуде

Мекеме есебінде жаза мерзімін өтеушілерді ақылы жұмыспен қамтудағы Қылмыстық-атқару жүйесінің басты жұмыстарын үйлестіру Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ИЧ-167/9 мекемесінің басты назарына алынған. Жаза мерзімін өтеп отырған сотталғандарды жұмыспен қамту - ҚАЖ мекемесінің қалыпты тәртібін сақтау шараларының маңызды бөлігі болып табылады. Аталған мекеме әкімшілігінің ең басты міндеті - сотталғандарды ақылы жұмыспен қамту. Сотталғандардың жасына, еңбекке жарамдылығына, арнайы машықтарына және жұмыс тәжірибесіне қарай лайықты жұмыстарға орналастырылады. Бұл үшін мекеме аумағындағы №8 колледжінің өнеркәсіптік аймақтар талаптарына сай кәсіпкерлер тартылып, мамандықтары бойынша жұмыс орындарымен қамтамасыз етілген. Мұнда тігінші, ағаш және темір ұстасы, электр және газбен дәнекерлеуші мамандықтары бойынша білім алады. Қазіргі таңда, түзеу мекемесінде – 479 сотталған жаза мерзімін өтеуде. Оның ішінде 1–ші, 2-ші топтағы мүгедектер - 9 сотталған, 3 топтағы мүгедектер – 5, зейнеткерлік жастағы - 8 сотталған, барлығы – 22 сотталған жұмысқа жарамсыз. Ал, 24 сотталған әртүрлі жағдаймен және де колледжде білім алып жүргендер. Жалпы жұмысқа жарамды сотталғандар – 433, былтыр – 351 сотталған жұмыспен қамтылған болатын. Ақылы жұмыспен қамтылғаны – 221 сотталған. Өткен жылмен салыстырғанда 53 сотталғанға өсіп отыр.

Сотталғандарға жұмыс көзін ұсынған кәсіпкерлер

Бүгінгі таңда ИЧ-167/9 мекемесінде алты кәсіпкер жұмыс жамсап, 128 сотталғанды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Онда сотталған азаматтардың бірі ағаш қол өнерінен жасалған ыдыс-аяқтар мен аспаптар, темір есіктер, кереуеттер, шарбақтар жасаса, енді бірі жылыжайда көкөністер өсірумен айналасыады.

Түркістан облысы бойынша «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен» келісім-шарт түзіп ағаштан қол өнерін жасап шығаратын 5 жеке кәсіпкер жұмыс жасайды. Атап айтар болсақ, «Мәдина» ЖК – 34 сотталған, «Мырзатаева» ЖК – 10 сотталған, «Гаухарбекова» ЖК – 28 сотталған, «Абитова» ЖК – 27 сотталған, «Суфибеков» ЖК-де – 12 сотталған ағаш бұйымдарын жасаумен айналысады. Соңғы кезде, ағаштан жасалған ыдыс-аяқтар мен аспаптарға тапсырыс артқан.

Аталған мекемесінде шаруашылық қызмет көрсету жұмыстарында үстіміздегі жылы 48 сотталған жұмыспен қамтылға. Ал,  «Еңбек-Шымкент» филиалының №108 бөлімшесінде – 46 сотталған, жеке кәсіпкерлерде 127 сотталған жұмыспен қамтылса, өткен жылы 74 сотталған ақылы жұмыс жасаған болатын. Бүгінгі таңда, ақылы еңбек ететін сотталғандар санын пайызға шаққанда – 51,03%, ал 2020 жылы - 47,86%, құрады, пайыздық көрсеткішке шаққанда үстіміздегі жылы жұмысқа жарамды сотталғандар саны 3,17%-ға артып отыр. Сонымен қатар, мекеме Леңгір қалалық № 8 колледжімен де бірлесіп жұмыс атқарып келеді. Мекемеде 168 сотталғанға 7 мамандық бойынша білім алды. Атап айтар болсақ, наубайхана, жылыжай, ағаш және темір ұстасы, тігінші, электр және газбен дәнекерлеу мамандығы бойынша он ай білім алып, диплом алады.

ИЧ-167/9 ҚАЖ мекемесінде сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру жөніндегі мекеме бастығының оорынбасары әділет майоры Мақсат Жүсіпәлінің айтуына қарағанда сотталғандарға жұмыс жасау мүмкіндіктері кеңінен қарастырылған.

 - Мекемеден жеке кәсіпкерлігін ашуға ниетті бизнес өкілдері үшін мекеменің өндіріс аймағында орналасқан бос ғимараттарды кез келген жеке кәсіпкерге Түркістан облысы бойынша «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен» сенімгерлік басқаруға алып, өз кәсібін ашудың тиімді жағын қарастыруға әрқашанда дайын. Кәсіп ашамын дейтін жеке кәсіпкерлерге мекеме әкімшілігі тарапынан қолдаулар көрсетілуде. Жеке кәсіпкерлерге ұсынылатын мекеменің өндіріс аймағында орналасқан бос ғимараттарда өндіріс орындарын ашып, заң шеңберінде жұмыстарын жүргізіп жатқан кәсіпкерлер де бар. Сондықтан ИЧ-167/9 мекемесі жеке кәсіпкерлерді өз кәсіптерін ашуға, бизнес өкілі болуға барлық мүмкіндіктер жасалғанын. Бұл қателікке бой алдырып, темір торға қамалған адам, ертеңгі күні бостаныдыққа шыққанда бос сенделіп жүрмей, өзінің кәсібін ашып, қылмыстан бойын аулақ үстауы үшін жасалып жатқан жұмыстар. Әрине, сотталғандар арасында өзінің кәсібін ашуды жоспарлап жүргендер де бар. Сонымен қатар, осы жерде үйренген мамандығы бойынша бостандыққа шыққанда жеке кәсіп етіп ашып, жұмысын жасап, отбасын асырап жүрген азаматтар да көп, - деді әділет майоры.

Алған білім түрмеден кейін де кәсіп болмақ

Сонымен қатар, сотталғандар жазасын өтеу кезінде жеке бизнесін жүргізу арқылы немесе жұмысқа орналасу арқылы сот үкім еткен материалдық шығынды өтеу мүмкіндігін алады. Ал, екіншіден, абақтыда бастаған бизнесті, я болмаса алған мамадығы бойынша бостандықта да жалғастырып жасауына болады. Бұл бұрынғы сотталғандар арасында қайта қылмыс жасау қаупін азайтуға үлкен мүмкіндік жасайды.

Халқымыз о баста «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп бекер айтпаса керек. Басқа да кәсіпкерлер атқарып жүрген жұмыстарды темір тордың арғы жағында отырған сотталғандар да жасап келеді. «Әр бейнеттің бір зейнеті бар» демекші, сотталған азаматтар әр тоқсан сайын атқарылған жұмыстарына қарай мекеме әкімшілігі атынан түрлі марапаттарға ие болуда. Оның ішінде, атап айтар болсақ, үлгілі тәртібі үшін, алдал еңбегі үшін, еңбектегі табыстары үшінжәне «Үздік кәсіпкер» номинациясы бойынша мақтау қағаздары мен грамоталар тапсырылуда. Осы аталған мекемеде жұмыс көзін ашқан сотталған азаматтар ісінің алға басуы тек талмас еңбек пен сенімнің арқасы. ИЧ-167/9 мекемесінде алты жеке кәсіпкер келісімшарт арқылы өз өндірістерін ашып, 128 сотталғанды жұмыспен қамтыды. Олардың ішінде 5 жеке кәсіпкер ағаштан қол өнер бұйымдарын жасаса, ал бір кәсіпкер тігін тігумен айналысады. Ал, РМК «Еңбек-Шымкент» филиалының № 108 бөлімшесінде қырық төрт сотталған жұмыспен қамтылған. Олар өз өндіріс орындарындарында жылыжайда көкөністер өсіру, құрылыс материалдары, тігін шеберханалары, темір бұйымдары, ағаштан жасалған қолөнер бұйымдары, нан өнімдерін шығарып, тапсырыс көлемін ұлғайтуда. Қазіргі таңда халық арасында аталған тауарларға сұраныс көбейген.

Түрмеде үйренген мамандық

Ағаш цехының жан-жағының бәрі толған ағаш, жаңқа. Құрал-сайманның неше түрі жатыр. Қабырғалардағы сөрелерде біткені бар, жартылай аяқталған ағаш бұйымдары, қазақтың ою-өрнегімен көмкерілген ыдыс-аяқ, кәдесый, түрлі аспаптар дейсің бе, толып тұр. Осы бұйымның бәрін ИЧ-167/9 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталған ағаш шеберлері жасайды. Мұнда астаудың бірнеше түрі жасалады. Кішкентай табақтан бастап 20 адамға арналған үлкен астау да бар. Әсіресе эксклюзивті домбыра қорабына тапсырыс берушілердің де саны артқан. Оны ұлттық қолөнердің қайталанбас үлгісі деуге де болады. Астаудың бәрі ерекше сәнмен әрленіп, қолмен қапсыра ұстайтын екі басы ұлттық өрнекпен әшекейленген. Бұрын кез-келген қазақ үйінің төрінде тұрған домбыралар көздің жауын алады. Сонымен қатар, ерекше үлгіде мешіт дизайынмен жасалған қобдиша да бар. Цехта тапсырыс бойынша да алуан түрлі жұмыстар атқарылады. Кәсіпорында «ағаш тілін» жетік меңгерген шеберлердің бірі – Нұрлан. Оның осында еңбек етіп жүргеніне бес жылдан асқан. Жұмыс істейтін ағашы негізінен, қайың, шие, жаңғақ, қарағай. Қашаудың ондаған түрі мен балға және екі қолдың епсектілігі мен батылдығы, саусақтарының сезімталдығы арқасында дүниеге ғажап заттарды әкелуде. Ол сот үкімімен он жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына тартылған. Мемлекет пайдасына өндіруге қажетті сот шығындарын өтеу мақсатында түзеу мекемесі жанындағы «Еңбек-Шымкент» РМК-ға жұмысқа орналасқан. Нұрлан 2013 жылы аталған түзеу мекемесіне келген кезде арнайы колледжден білім алып, ағаш өнерін үйренген. Қазіргі таңда бас маман болып түзеу мекемесіне түскен сотталғандарға үйретуде. Сондай-ақ, ол ағаш бұйымының хас шебері болып алған. Нұрланның сөзіне қарағанда бүгінгі күні астау, қазан және ұлттық аспаптарға сұраныс жоғары. Ол осы түзеу мекемесінде 8 жылын өтеді, енді бостандыққа шығуына бір жыл сегіз айы қалды. Мұнда жұмыс жасап ата-анасына қаржылай көмек береді. Бостандыққа шыққанан кейін осы кәсібін жалғастырсам деген ниеті бар.

Ал, аталған түзеу мекемесінде «Еңбек-Шымкент» РМК және «Профлайн» ЖК тігін цехында арнайы білімі бар сотталғандар жұмыс жасайды. Олар өткен жылы пандемия кезінде осы сотталғандар сексен мыңға жуық көпреттік бетперде тікті. Бүгінде аталған мекеменің өндірістік екі тігін цехында 28 сотталған жұмыс істейді.  Арман осы түзеу мекемесінің арнайы колледжінде тігінші мамандығы бойынша оқып, диплом алды. «Осы түзеу мекемесінде жұмыс істеп мемлекет алдындағы берешегімді толық өтедім. Қазіргі таңда, отбасыма да көмектесіп тұрамын. Бостандыққа шығуыма екі жылдай уақыт қалды. Тігін кәсібін түзеу мекемесінен шыққан кейін де жалғастуды жоспарлап отырмын. Өзімнің тігін цехымды ашып, мен секілді қателікке бой алдырып бостандыққа шыққан тігін тігуден хабары бар адамдарды жұмысқа алсам деген ниеттемін. Себебі, жұмыс істеп отбасын асырап, ақша табудың қамымен жүрген адам қылмысқа бармайды», - деді Арман.

Аталған түзеу мекемесінде жазасын өтеп жүрген Андрей 2018 жылы кісі өліміне қатысы бар деп сот үкімімен он жылға сотталған болатын. Ол қарағанды облысының тумасы. Оның отбасы мен туған-туыстары Қарағандыдан айына бір рет келіп тұрады. Түзеу мекемесі аумағында «Еңбек-Шымкент» РМК-ның тігін цехы ашылғанан бастап тігінші мамандығы бойынша білім алып, жұмыс жасап келеді.

- Бұл цех мен үшін әрдайым ыстық. Себебі, мен 2019 жылдан бері осы сала бойынша жұмыс жасап келемін. Бостандықта жүргенімде жүргізуші болып жұмыс істедім. Тігін тігуге қызығатынмын. Аталған цех ашылған кезде ойланбастан өтініш жаздым. Қазіргі таңда, осы цехтың жұмысын ұйымдастырамын. Тапсырыстарды қабылдап, оны уақтылы өткізуге тырысамыз. Айлық жалақымыз да уақтылы, тапсырысымызды орындауымызға байланысты төленеді. Бізге келіп түсетін тапсырыстың басым бөлігі арнайы жұмыс киімдер. Қазіргі таңда 25 мың қапшық тігіп жатырмыз. Өнімдерді кәсіпкерлер жеткізіп береді. Осында жұмыс істеп жүрген он бір сотталған аталған жұмыс арқылы мемлекет алдындағы борышын өтеп, қалғанын отбасына жіберіп отырады. Бостандыққа шыққанан кейін тігін цехын ашу ойымда бар, - деді ол.

ИЧ-167/9 түзеу мекемесінің өндірістік аумағында жылыжай да жұмыс жасайды. Әбдуәлі осы жерде жұмыс жасап жүргеніне үш жыл болды. Ол танысымен сөзге келіп, арты төбелеске ұласып, төбелестің салдарынан кісі өлімі орын алып, сот үкімімен он жылға бас бостандығынан айрылған. Аталған жылыжайда қызанақ, қияр, шалғам, аскөк, ақжелкен, балгар, баялды, картошка, пияз секілді көкөністерді баптап өсіреді. Көкөнөсістерді піскенін піскендей теріп «Еңбек-Шымкент» РМК-ға өткізіп отырады. Әбдуәлінің қасында екі көмекшісі бар. Олар шамамен 200 келі қызанақ және 150 келі қияр өткізеді. «Піскен көкеністерді түгел жинап алғанан кейін жерді қайта аударып, орнына «Еңбек-Шымкент» РМК-ның әкеліп берген тұқымдарын егеміз. Біздің міндетіміз еккен өнімді жазда шірітіп алмай, қыста суыққа үсірмей жинап өткізу болып табылады. Қыс мезгілінде жылыжайға от жағып, бір қалыпты температурада жылытамыз. Жұмыс жасап мемлекет алдындағы борышымды өтеп келемін. Төрт жылдан кейін бостандыққа шығамын, сол кезде өзім осындай жылыжай ашып көкөністер өсіріп, халыққа тиімді бағадағы көкөністерді ұсынуды жоспарлап отырмын», - деді ол.

Сонымен қатар, «Еңбек-Шымкент» филиалының наубайханасы ИЧ-167/9 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарды үш мезгіл нанмен қамтамыз етеді. Наубайхана нан пісіруге арналған құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Бір тәуліктің ішінде 480-ге жуық бөлке нан пісіреді. Наубайханада Асан, Мәлік, Әлібек есімді жазасын өтеушілер нан пісірудің бесаспап шебері болған.

- Осы наубайханада екі жылдан бері жұмыс жасап келемін. Өзім 2013 жылы кісі өлімі бойынша соталған болатынмын. Бостандықта жүрген кезімде жеке меншік наубайханада жұмыс істеген едім. Осы жерге келген кейін колледжден арнайы білім алып, жұмысқа орналастым. Бізді жұмысқа орналасуымызға үлкен мүмкіндік жасап отырған Түзеу мекемесінің әкімшілік басшысы Дайын Өскенбай мен Ғалым мырзаға алғысым шексіз. Ай сайын жалақымды уақтылы алып отырамын. Соның арқасында, мемлекет алдындағы сот шығындарын өтеп, артылғанын отбасыма жіберіп отырамын. Жазамды өтеу мерзімінің аяқталуына бір жыл, сегіз ай қалды.  Бостандыққа шыққанан кейін наубайхана ашу ойымда бар, - деді Әлібек.

Сондай-ақ, ИЧ-167/9 түзеу мекемесінде жасалатын темірден жасалған бұйымдарға да тапсырыс күн санап артып келеді. Мараттың осы дәнекерлеу цехында жұмыс істеп келе жатқанына үш жыл болды. Қазіргі таңда, темірден өрілген кереуеттер, есіктер, гүл салғыштар, қоқыс жәшігін жасаудың хас шебері. «Еңбек-Шымкент» РМК арқылы келіп түскен тапсырыстарды сапалы әрі уақытылы жасаууға тырысады. Әртүрлі оюлармен өрілген есіктер мен кереуеттерге көп тапсыры келіп түседі.

- Өткен жылы «Еңбек-Шымкент» РМК арқылы ҚР Әскери министрліктің әскери бөліміне 5000 кереуетті 3 айдың ішінде жасап бердік. Біздің цехта 12 адам жұмыс жасайды. Менің қасымда екі көмекшім бар. Біз темірден жасалатын заттардың дизайыны мен оюларын жасаймыз. Бес жігіт темірді балқытып беріп отырады. Ал, қалғандары дайын дүниені тазалайды және сырлайды. Алла бұйыртса азаттыққа шыққан кейін осы кәсіпті ары қарай жалғастырсам деген ниетім бар, - деді Марат.

Айтып айтпай не керек, мұндағы жазасын өтеуші азаматтар әр сағатын, әр күндерін санаумен өткізіп, бостандыққа ертерек шықғып, отбасымен қауышуға асығатындарын да жасырмады. Біз де сотталушылардың еркіндікке шығуын, қоғамнан өз орындарын табуын, отбасыларымен қауышуына тілектеспіз.

Раушан НАРБЕК

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

21 пікір

  1. аватар
    Levi 5 февраля 2024 19:19

    It's not my first time to pay a quick visit this site, i am
    visiting this website dailly and get fastidious facts from here daily.



    my web site; Fiona

  2. аватар
    Wayne 10 апреля 2024 15:12

    Please let me know if you're looking for a writer for your
    site. You have some really great articles and I think I would be a good asset.
    If you ever want to take some of the load off, I'd absolutely love to write some
    material for your blog in exchange for a link back to mine.
    Please shoot me an e-mail if interested. Thank you!


    Here is my web page - antalin en vente en France

  3. аватар
    Melanie 21 августа 2024 22:00

    приснилось что выпали зубы к чему исламский
    сонник к чему снится летать на самолете
    во сне женщине сонник форма миллер
    избегает встречи сонник какой знак
    зодиака если ты родился 13 августа

    Feel free to visit my blog молитвы до 40 дней после смерти родителей

  4. аватар
    Hattie 25 августа 2024 00:36

    сонник толкование к чему снится кусающая собак чему снятся обмен денега гадания онлайн бесплатно на любовь правдивые онлайн бесплатно муравьи снятся в большом количестве женщине
    24 января 1983 г какой день недели к чему снится яйцо куриное
    черное

  5. аватар
    Brittany 6 сентября 2024 08:07

    колледж на программиста после 9 класса алматы, колледж на программиста после 9 класса алматы грант cashflow
    игра, купить игру денежный поток оригинал медиа сауаттылық, медиа сауаттылық мақсаты жергілікті ақынмен
    кездесу сценарий, журналист пен кездесу сценарий

    Also visit my web site - идея текста это

  6. аватар
    Christiane 9 сентября 2024 22:01

    соул значение в гадании вопросы про знаки
    зодиака викторина сколько галактик в видимой вселенной, сколько планет во вселенной
    молитва о здравии кому читать святые карты таро когда произойдет событие время

    my homepage - магия книги для телефонов

  7. аватар
    Silke 14 сентября 2024 20:17

    ақсақ құлан күйі шығу тарихы,
    ақсақ құлан текст на каком
    месте казахский язык по популярности,
    самый богатый язык в мире қосшы одағы қай жылы құрылды,
    үш жүз партиясының жетекшісі көз
    неге іседі, көз ісігін кетіру

    Feel free to surf to my blog; qatysu zhilfond kz
    личный кабинет

  8. аватар
    Vanessa 2 октября 2024 18:42

    геоэкология бағыттары, геоэкология зерттеу бағыттары адам болам десеңіз шығарма, адам болу
    эссе дұрыс тамақтану 4 қағидасы, дұрыс
    тамақтану эссе сомалық рефлекстің рефлекстік
    доға бөлімдері, рефлекс доғасы сурет

    Look into my blog ... адамзатқа ядролық қару керек пе

  9. аватар
    Scot 10 октября 2024 10:23

    қожа ахмет яссауидің көзқарастарын қай
    бағытқа жатқызамыз uly dala водка цена
    алматы, лютая стая водка цена в казахстане отзывы о работе
    на баян сулу, костанай, деп костанай вакансии жмк расписание, жамбыл жоғары медициналық колледжі расписание

    Feel free to surf to my web page; франция астанасы париж

  10. аватар
    Shoshana 13 октября 2024 15:15

    калай банкрот алуга болады, банкроттық туралы заң 2022
    жыл двери межкомнатные бу алматы olx, олх
    двери межкомнатные бу тусинде кустар корсе не болады, түсінде бүркіт көрсе не
    болады абая 130/2, абая 130
    купить квартиру

    Here is my page - 7 ġilova m ġ cherty nasionälnogo haraktera

  11. аватар
    Reuben 21 октября 2024 08:08

    тізбектің заңдылығы, сандар тізбегі дегеніміз не
    темекі шегуге тыйым салынады, темекі шегуге қарсы заң жалпылауыш сөз мысалдар позиции
    футболистов, позиции в футболе на русском

    Also visit my web page :: шетелдік білім беру

  12. аватар
    Emanuel 22 октября 2024 00:40

    сор по русскому языку 7 класс 2 четверть, сор по русскому языку 7 класс 2 четверть ответы
    ей қарындас қайрат нұртас скачать ремикс, әдемісің қарындас әдемісің speed up ауылымды сағындым скачать даурен,
    сағынып келем ауылды скачать комитет геодезии и картографии,
    геодезия и картография зарплата
    в казахстане

    My website :: тәуелсіз қазақстандағы спорт
    және денсаулық

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.