Қызылордада пробация есебіндегі 14 азамат жеке кәсіп ашу үшін білім алуда
Қазіргі таңда пробация есебіндегі азаматтардың басым көпшілігі жеке кәсіпке бет бұрған. Бұл пробация инспекторлары мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің бірлесіп атқарған жұмыстарының нәтижесі.Қызылорда қалалық пробация қызметінің бастығы Б.Наурызбаевтың айтуынша 2021 жылдың 6 айында пробация есебінен өткен 38 азамат жұмысқа орналастырылса, 1 азамат жеке кәсібін ашып, 14 азамат жеке кәсіп ашу үшін бір айлық курстан өтуде.
Қазіргі таңда 14 сотталған "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы" бойынша "Бастау Бизнес" жобасы бойынша бір айлық «кәсіпкерлік негіздері» курсын оқып жатыр. Курсты аяқтаған соң жеке бизнес жоспарын құрып, комиссияға ұсынды. Комиссияның оң шешімін алғаннан кейін ғана оған мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант беріледі. Бұған дейін бір азамат курсты толық аяқтап, бизнес жоспары қолдау тауып, қазір кәсібін ашып, ісін дөңгелетіп отыр. Пробация қызметінің есебінде тұрғандарды жұмыспен қамту мақсатында Қызылорда қаласы әкімдігінің қаулысымен 30 жұмыс орны квотасы белгіленген. Белгіленген квота бойынша есептегі азаматтар «Қызылорда Тазалығы», «Кірпіш зауыты», «Қызылорда авто паркіне» жұмысшы ретінде, сонымен қоса 2 азамат «Еңбек-Қызылорда»РМК-нің өндіріс орнына жұмысқа орналастырылды.
Есептегі азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек түрлерін көрсету барысында отбасылық жағдайын да зерделейміз. Тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға тиісті әлеуметтік көмек көрсетіледі дейді пробация бастығы. Әрбір пробация қызметінің есебіне алынған адамға үнемі сот қаулысымен жүктелген міндеттерді, жаза өтеудің тәртібі мен шарттарын, жауапкершілігі мен құқықтарын толық түсіндіреміз. Соған қарамастын ағымдағы жылдың 6 айында жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған 15 азамат сот қаулысымен бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, жазасын одан әрі өтеу үшін түзеу мекемесіне жіберілді.
Пробация қызметкерлері сотталғандарды түзелу жолына түсіріп, қайта қылмыс жасаудың алдын алу бағытында жұмыстар атқарумен қоса, оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің негізгі бағыттары-білім алуына, кәсіп түрлерін игеруіне, жұмысқа орналасуына, емделуіне және құқықтық кеңестермен қамтамасыз етілуіне көмек көрсетіп, өзін қоғамға қажетсіз сезінген азаматтарға үміт беріп, қоғамға тез сіңісуіне ықпал етуде дейді әділет подполковнигі Бақыт Наурызбаев.
Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]
23 пікір