Қызылордада пробация есебіндегі азамат жасанды тас шығаратын жеке  кәсібін ашты

Қызылордада пробация есебіндегі азамат жасанды тас шығаратын жеке кәсібін ашты

Қазіргі таңда пробация есебіндегі азаматтардың басым көпшілігі жеке кәсіпке бет бұрған. Бұл дегеніміз пробация инспекторларымен жергілікті атқарушы органдардың бірлесіп атқарған жұмыстарының нәтижесі. Жуырда Қармақшы аудандық пробация есебінде тұратын  Б есімді азамат жасанды тас шығаратын кәсіп ашты. Ал жұбайы мал шаруашылығы кәсібін ашып, отбасылық кәсіпті дамытып отыр. Бұл азамат 2020 жылдың маусым- шілде айларында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негізінде оқу курсын аяқтаған болатын. Курсты аяқтаған азамат жасанды тас шығару бизнес жоспарын құрып, комиссияға ұсынды. Комиссияның оң шемімін алған соң, оған мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант негізінде 555 666 теңге көлемінде сертифакат табысталды. Осы қаржыға жасанды тас шығару кәсібіне қажетті заттарды алып,  кәсібін бастап та кетті. Бір қызығы ауданда жасанды тас шығаратын жалғыз кәсіпкер осы азамат.

«Қандай кәсіпті қолға алсам деген оймен,  әлеуметтік желілерді шолып отырғанымда осы жасанды тас жасау кәсібі мені қызықтырды. Мемлекет тарапынан берілген қайтарымсыз грантқа кәсібіме қажетті заттарды алдым. Жасанды тас гипстен жасалады, гипсты қатайту үшін  пластификатор қолданылады. Тастың түсін әр түрлі түстемен бояуға болады. Бұл тастарға сұраныс өте көп. Тастарды үйдің ішін сәндеуге пайдаланылады. Аудандағы жасанды тас шығаратын жалғыз кәсіпкер мен болғандықтан, жуырда облыста өтетін көрмеге қатысқалы отырмын »,- деді есептегі азамат.

«Жыл басынан пробация есебіндегі 4 сотталған «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негізінде оқу курсын аяқтап, екеуі мал шаруашылығын, тауық өсіру және жасанды тас жасау жеке кәсібін ашты. Есептегі азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек түрлерін көрсету барысында отбасылық жағдайын да зерделейміз. Тұрмыс жағдай төмен отбасыларға тиісті әлекметтік көмек көрсетіледі. Жасанды тас шығару кәсібімен айналысатын Б есімді азаматтық отбасылық жағдайын зерделеп, жұбайына да көмек көрсетіп, кәсіпкерлікті оқытып, мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант алып бердік. Қазіргі таңда мал шаруашылығымен айнасып отыр»,- деді
аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет майоры Ж. Жүнісов 

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.