Жамбыл облысының Полиция департаменті мұрағатының қызметкерлері маңызды ақпараттар берді

Жамбыл облысының Полиция департаменті мұрағатының қызметкерлері маңызды ақпараттар берді

Жамбыл облысының Полиция департаменті Ақпараттандыру және байланыс басқармасының арнайы мемлекеттік мұрағатында Ұлы Отан соғысы кезінде фашистік Германияның тұтқынына түскен құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері, қуғын-сүргінге ұшыраған, репатрианттар, сондай-ақ әскери тұтқындар туралы өткен дәуірдің баға жетпес құжаттарын сақталады.

ПД мұрағаты 3 айда мұрағаттық анықтамалар мен құжаттардың көшірмелерін беру бойынша 45 мемлекеттік қызмет көрсетті. Өтініш білдірушілердің бірі - ОҚО тумасы Кенжегүл Лесбекқызы Жаңбыршина өзінің арғы атасы Таңырберген Жамбыршин туралы мәліметтер сұрап жүгінді. Ол өткен ғасырдың ортасында біздің облыста тұрып, жұмыс істеген арғы атасына қатысты маңызды ақпаратты оңай және тез ала алады деп күткен жоқ.

1950 жылдан басталатын мұрағат ісі негізінде Т.Жамбыршиннің өмірінен алынған анкеталық мәліметтері, еңбек қызметінің кезеңдері және басқа да кейбір оқиғалар қамтылған мұрағаттық анықтама берілді. Осы құжатты алғаннан кейін шөбересі арғы атасының өмір жолы туралы толығырақ білуге шешім қабылдап, мұрағат ісімен егжей - тегжейлі танысу үшін Жамбыл облысы Полиция департаментінің мұрағатына өзінің сенімді өкілі – тарихшы-шежіреші Нұржан Садірбекұлын жіберді.

Оған архив инспекторы полиция аға лейтенанты Индира Ахатова мен архив технигі полиция сержанты Рита Анарбаева көмектесті. Жұмыс барысында тарихшы К.Жаңбыршинаның туысы бойынша қажетті ақпаратты іздеу бойынша ол ҚР көптеген мұрағаттарында, оның ішінде ҚР Президенті мен Шымкент қаласының мұрағатында болып, оның еңбек қызметі туралы көптеген мәліметтер алғанын айтты. Ал Жамбыл облысы Полиция департаментінің мұрағатында шын мәнінде баға жетпес ақпарат сақталған, бұл алған ақпараттары Сібір мұрағаттарынан одан әрі ақпараттарды іздеп, жинауға себеп болды.

Т.Жамбыршиннің жақындары мен туыстарының айтуынша, алынған материалдар отбасылық мұрағат үшін қажет болған.

Зерттеу жұмысының соңында Н.Садірбекұлы ТМД азаматтарына сапалы мемлекеттік қызмет көрсеткені, тарихи құндылығы бар құжаттарды сақтауға қатысты қажетті жағдайлар жасау бойынша мұрағат жұмысын ұйымдастырғаны, сондай-ақ мұрағат қызметкерлерінің тынымсыз және баға жетпес қызметтері үшін Жамбыл облысының ПД басшылығына жылы лебізін білдірді.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің ААБ арнайы мемлекеттік мұрағаты

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.