Сот мұрағатының жұмысы

Сот мұрағатының жұмысы

Соттардағы мұрағат жұмысы сот іс жүргізуінің негізгі бөлігі болып табылады. Мұрағат – тарихи деректік құжаттар сақталатын алтын қазына. Мұрағатта әр кезеңдегі тарихи оқиғалар, дипломатиялық қарым –қатынастар, қоғамның саяси-әлеуметтік, экономикалық бағыттары жөнінде құнды құжаттар сақталатыны бәрімізге мәлім. Сондықтан да соттарда, мекемелерде іс қағаздары бекітілген номенклатура негізінде іс-шаралардың құжаттары, өндірісте аяқталған азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер мұрағатқа тапсырылады.

Жыл сайын сот мұрағатына аяқталған істер, журналдар  мен нарядтар, есептік-ақпараттық құжаттар тапсырылады. Мұрағат жұмысының басты бағыты істерді электронды түрде есепке алу мен оларды беру. Судьялар мен сот мамандары мұрағат істерін қызмет бабында қолдануға құқылы. Мұрағатшы істерді, материалдарды сақтауға қажетті жағдайларды жасайды, сұрау хаттар бойынша мұрағат істерінен құжаттардың көшірмелерін береді, сот мұрағаты журналын жүргізеді.

«Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұйым қызметінде пайда болған тарихи, ғылыми, әлеуметтік, экономикалық, саяси немесе мәдени айрықша маңызы бар және белгіленген тәртіппен Ұлттық мұрағат қоры құрамына енгізілген құжаттар, халықтың тарихи-мәдени мұрасының ажырамас бөлігі болып табылады және оларды Қазақстан Республикасының ұлттық игілігі ретінде мемлекет қорғайды.

Көрсетілген құжаттар мемлекеттік мұрағат мекемесіне тұрақты сақтауына тапсырылғанға дейін сот мұрағатында сақталады. Ал, ведомстволық мұрағаттардағы уақытша сақтаудың шектік мерзімі уәкілетті мекемемен анықталады.   

Мұрағаттық құжаттарды мемлекеттік сақтауға дайындауға, жоюға, тасымалдауға, тапсыруға байланысты барлық жұмыстар ұйымның күшімен және есебінен жүзеге асырылады.

Мұрағат өз қызметінде Қазақстан Республикасының мұрағат ісі жөніндегі заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін, жоғары тұрған орган басшыларының және ұйым басшысының бұйрықтарын (өкімдерін), жергілікті атқарушы органның, тиісті мемлекеттік мұрағат мекемесінің нормативтік-әдістемелік құжаттарын және Мұрағат туралы ережені басшылыққа алады.

Мұрағаттың негізгі міндеттері құрамы жоғары да аталған құжаттарды жинау, мұрағатта уақытша сақталатын құжаттар құндылығына сараптама жүргізудің сапасын, сақталуын, есепке алынуын және пайдаланылуын қамтамасыз ету және ұлттық мұрағат қоры құрамына жатқызылған құжаттарды мемлекеттік мұрағат мекемесі тұрақты сақтауына дайындау және тапсыру, ұйымдағы іс жүргізу мен мұрағат ісін жетілдіру саласында әдістемелік басшылықты жүзеге асыру болып табылады.

 «Сот құжаттарының электрондық мұрағаты» (бұдан әрі - СҚЭМ) сот ісін жүргізу жүйесінде сот құжаттарының электрондық көшірмелерін ұзақ мерзімге сақтау, толықтыру және мәтіні немесе деректемелері бойынша іздестіру мақсатында электрондық мұрағаттық сот құжаттарын орталықтандырылған түрде сақтау қажеттігінен туындады.

СҚЭМ ақпараттық жүйесі сот құжаттарының сақталуына және өзгермейтініне кепілдікті қамтамасыз ету, электрондық мұрағатқа түскен бүкіл ақпаратты өзгермеген күйінде ұзақ мерзімге сақтау, сотқа келіп түсетін құжаттарды типіне қарай топтастырудың ортақ жүйесін жасау, мұрағаттық құжаттарды атрибуттары жзәне толық мәтіні бойынша іздестіру үшін соттарда электрондық түрде сот құжаттарының мұрағаттарын қалыптастыруға арналған.

Жүйе пайдалануға енгізілген сәттен бастап сот отырысына қатысушыларға сот жүйесінің Интернет-ресурсы арқылы мұрағаттық құжаттардың көшірмесін электрондық түрде алуға мүмкіндік беріледі.

СҚЭМ-ді енгізу құжаттардың сақталуын қамтамасыз етіп қана қоймай,  оларды тасымалдау шығыстарын да қысқартады және сот істерінің апелляциялық, кассациялық және қадағалау сатыларында жедел қаралуын, сондай-ақ басқа да тәуекелдерді қамтамасыз етеді.

Сот жүйесінде қазіргі заманғы технологияларды енгізу және қолдану сот ісін жүргізуді жеңілдетеді, бюрократиялық кедергілерді жояды, сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен байланысқа түсуін азайтады. Ал  бұл сыбайлас жемқорлыққа бейімділікті төмендетуге, азаматтардың уақыты мен қаражатын үнемдеуге септігін тигізеді, халықтың барынша айқын және қолжетімді сот жүйесіне қолжеткізуге мүмкіндік береді.

 

 

Р.Ө.Асан 

Қылмыстық істер жөніндегі 

мамандандырылған ауданаралық

әскери сотының

жетекші маманы                                                                                  

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

12 пікір

  1. аватар
    Raul 31 августа 2023 18:41

    Hi there, You have done an incredible job. I'll certainly digg it and personally suggest to my friends.
    I'm confident they'll be benefited from this site.

    Take a look at my website: Corrine

  2. аватар
    Kami 7 октября 2023 01:43

    Have you ever considered publishing an e-book or guest authoring on other blogs?
    I have a blog centered on the same subjects you discuss and would love to have you share some stories/information. I
    know my viewers would value your work. If you are even remotely interested, feel free to shoot me an e-mail.



    my webpage; bestellen benicar online

  3. аватар
    Sonja 18 октября 2023 21:39

    Today, I went to the beachfront with my kids.

    I found a sea shell and gave it to my 4 year old
    daughter and said "You can hear the ocean if you put this to your ear." She placed
    the shell to her ear and screamed. There was a hermit crab inside and it pinched her ear.
    She never wants to go back! LoL I know this is entirely off topic but I had to tell someone!


    my site; amoxicilline commander à Paris

  4. аватар
    Valentina 10 апреля 2024 21:12

    Hello i am kavin, its my first occasion to commenting anywhere, when i read
    this post i thought i could also make comment due to this
    brilliant piece of writing.

    Here is my homepage; Damon

  5. аватар
    Carmon 27 сентября 2024 17:16

    текст журнала, импакт-фактор журнала как
    узнать как подключить дрон к
    пульту, как подключить дрон
    к айфону сим карта казахстан удаленно, купить казахстанскую сим-карту онлайн ақпараттық қауіпсіздік факторы,
    ақпараттық қауіпсіздік түрлері

    my page: ежелгі адамдардың табиғаттың дайын өнімін тұтынудан

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив